Суық тию және жөтел

Ацетилцистеин-Тева 200 мг №50

имя
Лизиноприл-Тева 20 мг №30
имя
имя
Лизиноприл-Тева 20 мг №50
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Ацетилцистеин
Қолданылуы:

Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде) сияқты жөтелу қиын, қою бөлінділердің пайда болуына әкелетін тыныс жолдарының аурулары.

Қолдану тәсілі:

Жедел ауруларды емдеуге арналған стандартты доза

6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 200 мг. 

12 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 600 мг, бір немесе бірнеше қабылдаумен (мысалы, күніне 3 рет 200 мг).

Арнайы дозалар

Ұзақ мерзімді терапия: күніне 400-600 мг, бір немесе бірнеше рет қабылдауда, емдеудің ең жоғары ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін.

Препаратты 2 апта қабылдағаннан кейін қақырықтың жоғары бөлінуімен жөтел жалғасқан жағдайда  диагнозды нақтылау және тыныс алу жолдарының ықтимал қатерлі ауруларын жоққа шығару үшін дәрігерге қаралу керек. 

Муковисцидоз: жоғарыда көрсетілген доза, алайда 6 жастан асқан балалар үшін – күніне 3 рет 200 мг немесе күніне бір рет 600 мг бір рет қабылдауға.

Жағымсыз реакциялар:

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жоғары сезімталдық; анафилаксиялық шок, анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар

Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар

Бас ауыру

Есту ағзасы тарапынан бұзылулар

Құлақ шулау

Жүрек тарапынан бұзылулар

Тахикардия

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Геморрагия

Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар

Бронхоспазм, диспноэ

Асқазан-ішек бұзылулары

Құсу, диарея, стоматит, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Есекжем, бөртпе, қантамыр ісінуі, терінің қышуы

Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар

Гиперемия, беттің ісінуі

Зертханалық және аспаптық деректер

Гипотензия

Өнім сипаттамасы:

200 мг, ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер