Ацетилцистеин-Тева 600 мг №20
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде) сияқты жөтелу қиын, қою бөлінділердің пайда болуына әкелетін тыныс жолдарының аурулары.
Жедел аурулар кезіндегі стандартты доза.
18 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 1 рет 1 таблеткадан.
Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін.
Дозалаудың ерекше сызбалары
Ұзақ мерзімді емдеу: күніне 600 мг, емдеудің ең жоғары ұзақтығы - 3 айдан 6 айға дейін.
Секрет шамадан тыс қалыптасқанда және нәтижесінде 2 апталық емнен кейін жалғасатын жөтел кезінде басқа ауруларды, мысалы, тыныс алу жолдарының ықтимал қатерлі ауруларының жоқтығына көз жеткізу үшін диагнозды қайта қарау ұсынылады.
- Жоғары сезімталдық; анафилаксиялық шок, анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар
- Бас ауыру
- Құлақ шулау
- Тахикардия
- Қан кету
- Бронхоспазм, ентігу
- Құсу, диарея, стоматит, ішпердедегі ауырсыну, жүрек айну, диспепсия
- Есекжем, бөртпе, қантамыр ісінуі, терінің қышуы
- Ысыну, беттің ісінуі
- Төмен қан қысымы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ацетилцистеин 600 мг, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты 548,72 мг, аспартам 20 мг.