Амлодипин-Тева 5 мг
- артериялық гипертензия
- вазоспазмдық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)
- созылмалы тұрақты стенокардия
Ересек пациенттер
Артериялық гипертензия мен стенокардия кезінде әдеттегі бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Пациенттің жеке реакциясына байланысты дозаны ең көбі – 10 мг дейін арттыруға болады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде Амлодипин-Тева тиазидті диуретиктермен, альфа-блокаторлармен, бета-блокаторлармен немесе ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен біріктірілімде қолданылады. Стенокардия кезінде Амлодипин-Тева монотерапия ретінде немесе нитраттарға және/немесе бета-блокаторларға рефрактерлі стенокардиясы бар пациенттерде сай келетін дозаларда басқа антиангинальді дәрілік препараттармен біріктірілімде қолданылуы мүмкін. Тиазидті диуретиктермен, бета-блокаторлармен және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен қатар қолданғанда Амлодипин-Тева препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Жүйелік-ағзалық класс |
Жиілігі |
Жағымсыз реакциялар |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
Өте сирек |
Лейкопения, тромбоцитопения |
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
Өте сирек |
Аллергиялық реакциялар |
Метаболизмдік және алиментарлық бұзылулар |
Өте сирек |
Гипергликемия |
Психика тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі (үрейленуді қоса), ұйқысыздық |
Сирек |
Сананың шатасуы |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру (әсіресе емнің басында) |
Жиі емес |
Тремор, дисгевзия, естен тану, гипестезия, парестезия |
|
Өте сирек |
Гипертонус, шеткері нейропатия |
|
Белгісіз |
Экстрапирамидалық бұзылулар |
|
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Көру қабілетінің бұзылуы (диплопияны қоса) |
Есту ағзалары мен вестибулярлық аппарат тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Құлақтың шуылдауы |
Жүрек тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Жүректің қағуын сезіну |
Жиі емес |
Аритмия (брадикардия, қарыншалық тахикардия және жүрекшелер фибрилляциясын қоса) |
|
Өте сирек |
Миокард инфарктісі |
|
Қантамырлар тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Ысынулар |
Жиі емес |
Артериялық гипотензия |
|
Өте сирек |
Васкулит |
|
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Ентігу |
Жиі емес |
Жөтел, ринит |
|
|
|
|
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, ішектің үйреншікті жұмыс режимінің өзгеруі (диарея мен іш қатуды қоса) |
Жиі емес |
Құсу, ауыздың құрғауы |
|
Өте сирек |
Панкреатит, гастрит, қызыл жегі гиперплазиясы |
|
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Өте сирек |
Гепатит, сарғаю, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы* |
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Алопеция, пурпура, тері пигментациясының бұзылуы, гипергидроз, қышыну, бөртпе, экзантема, есекжем |
Өте сирек |
Ангионевроздық ісіну, полиморфты эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, фотосезімталдық |
|
Белгісіз |
Уытты эпидермальді некролиз |
|
Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
Жиі |
Тобықтың ісінуі, бұлшықеттің құрысуы |
Жиі емес |
Артралгия, миалгия, арқаның ауыруы |
|
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, несеп шығарудың жиілеуі |
Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Импотенция, гинекомастия |
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар |
Өте жиі |
Ісіну |
Жиі |
Қатты қажу, астения |
|
Жиі емес |
Кеуде қуысының ауыруы, ауырсыну, жалпы дімкәстік |
|
Зертханалық және аспаптық деректер |
Жиі емес |
Дене салмағының жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі |
* Көп жағдайда холестазға сәйкес келеді.
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - амлодипин бесилаты 6,95 мг (5,0 мг амлодипинге баламалы).
Қосымша заттар: натрий крахмал гликолаты А типі.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1-тармақтан қараңыз.