Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну

Диклофенак-Тева капсулы кишечнорастворимые 100 мг №20

имя
Диклофенак-Тева Раствор для внутримышечного введения, 75 мг
имя
имя
Фозиноприл-Тева, 10 мг
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Диклофенак
Қолданылуы:
  • шығу тегі әртүрлі жедел артриттер (оның ішінде подагра)
  • созылмалы артриттер, оның ішінде ревматоидты артрит, ювенильді созылмалы полиартрит
  • шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы) және басқа да спондилоартриттер
  • артроздар және спондилоартроздар (буындар мен омыртқаның дегенеративті аурулары)
  • жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануы
  • жарақаттар мен операциялық араласудан кейінгі тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндерінің ауырсынып ісінуі және қабынуы
  • ауыру синдромымен қатар жүретін ревматизмдік емес қабыну жағдайлары.
  • Белсенді субстанцияның баяу босап шығуынан, осы дәрілік түрді препарат әсерін жылдам анықтауды талап ететін жағдайларда қолданбаған жөн.
Қолдану тәсілі:

Диклофенак-Теваны ересектерге тәулігіне бір рет 100 мг тағайындайды.

Жағымсыз әсерлерін азайту үшін, ең төменгі тиімді дозасын симптомдарды бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт аралығында қолдану керек.

Жағымсыз реакциялар:

Өте жиі

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы, раздражительность, усталость

- вертиго немесе шынайы бас айналуы

- диспепсия, метеоризм, іш ауыруы, анорексия, асқазан-ішек ойықжарасы (кейбір жағдайларда қан кетумен және тесілумен)

- бөртпе, қышыну

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Сирек

- ұйқышылдық, қажу

- демікпе (ентігуді қоса)

- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (гипотензия мен шокты қоса)

- гастрит, асқазан-ішектен қан кетулер, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе перфорациямен немесе оларсыз  асқазан-ішектің ойық жаралары (кейде, әсіресе, егде жастағы адамдарда өлімге соқтыратын)

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы 

- есекжем

Өте сирек

- бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, қорқынышты түс, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар

- парестезия, жады бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәм сезудің бұзылуы, ми қанайналымының бұзылуы

- көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия

- құлақтағы шуыл, естудің бұзылуы

- жүрек қағуы, кеуденің ауыруы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркті - гипертония, гипотония, васкулит

- тромбоцитопения, лейкопения, анемия (соның ішінде, гемолиздік және 

апластикалық анемия), агранулоцитоз

- ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса) 

- пневмонит

- колит (соның ішінде, геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі), іш қатуы, стоматит (соның ішінде, ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, ішектің диафрагма тәрізді стенозы, панкреатит

- қауырт гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі

- буллездік бөртпелер, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативтік дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы

- импотенция

Белгісіз 

- сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылуы, жалпы дімкәстік 

- көру жүйкесінің невриті

- Коунис синдромы

Диклофенак тромбоциттер агрегациясын тежейді, бұл қан ұюы бұзылған науқастарда гемостазды тұрақты бақылауды талап етеді.

- беттің ісінуі, тілдің ісінуі, ауа жолдарының тарылуымен көмейдің ісінуі, дем алудың қиындауы, демікпе ұстамасына дейін және шок қатері түрінде диклофенакке аса жоғары сезімталдық реакциялары 

- инфекциямен (мысалы, некроздаушы фасциттің дамуы) байланысты қабыну үдерістері ағымының нашарлауы. Бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, егер диклофенакты қолданған кезде инфекция белгілері немесе инфекциялық аурудың нашарлауы пайда болған жағдайда, антибиотиктермен емдеу үшін көрсетілімдерді анықтау мақсатында шұғыл дәрігердің тексеруі қажет. 

Диклофенак, аса жоғары дозаларында (тәулігіне 150 мг) және ұзақ уақыт қолданғанда, артериялық тромбоэмболияның (мысалы: миокард инфарктісі немесе инсульттің) туындауы қаупін аздап арттыруы мүмкін).

Өнім сипаттамасы:

Бір капсуланың құрамында белсенді зат - натрий диклофенагы 100 мг,

Қосымша заттар: лактоза моногидраты

Корпустағы және қақпақтағы мөр бояуының құрамы: 

пропиленгликоль (Е1520)

Қосымша заттардың толық тізімін 6.1. тармақтан қараңыз