Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну

Диклофенак-Тева таблетки, 50мг №20

имя
Дезлоратадин-Тева, 5 мг
имя
имя
Омепразол-Тева 20мг №30
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Диклофенак
Қолданылуы:
  • шығу тегі әртүрлі жедел артриттер (оның ішінде подагра)
  • созылмалы артриттер, оның ішінде ревматоидты артрит, созылмалы полиартрит
  • шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы) және басқа да спондилоартриттер
  • артроздар және спондилоартроздар (буындар мен омыртқаның дегенеративті аурулары)
  • жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымданулары
  • жарақаттар мен операциялық араласудан кейінгі тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндерінің ауырып ісінуі және қабынуы
Қолдану тәсілі:

Ұсынылатын тәуліктік доза екі немесе үш қабылдауда 100-150 мг құрайды. Жеңіл жағдайлар үшін әдетте екі немесе үш бөлінген дозада күніне 75-100 мг жеткілікті.

Ең жоғары тәуліктік доза күніне 150 мг құрайды.

Жағымсыз реакциялар:

Жиі

- бас ауруы, бас айналу

- жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, метеоризм, анорексия

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Сирек

- ұйқышылдық, қажу

- демікпе (ентігуді қоса)

- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (гипотензия мен шокты қоса)

- гастрит, асқазан-ішектен қан кетулер, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе перфорациямен немесе оларсыз  асқазан-ішектің ойық жаралары (кейде, әсіресе, егде жастағы адамдарда өлімге соқтыратын)

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы 

- есекжем

Өте сирек

- бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар, мазасыздық

- парестезия, жады бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәм сезудің бұзылуы, ми қанайналымының бұзылуы

- көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия

- құлақтың шуылдауы, есту қабілетінің бұзылуы

- гипертония, гипотония, васкулит

- тромбоцитопения, лейкопения, анемия (соның ішінде, гемолиздік және 

апластикалық анемия), агранулоцитоз

- ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса) 

- пневмонит

- колит (соның ішінде, геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі), іш қатуы, стоматит (соның ішінде, ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, панкреатит

- қауырт гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі

- буллездік бөртпелер, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативтік дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы

- импотенция

Белгісіз 

- сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылуы, жалпы дімкәстік 

- көру жүйкесінің невриті

- Коунис синдромы

Өнім сипаттамасы:

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - натрий диклофенагы 25 мг немесе 50 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликолят, тальк, натрий стеарил фумараты, сусыз коллоидты кремний, гипромеллоза,

қабықтың құрамы: метакрил қышқылы-этилакрилат кополимер (1: 1) 30% дисперсия, гипромеллоза, триэтил цитраты, тальк, макрогол, сары хинолин (Е 104), темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)