АІЖ

Дротаверин-Тева Таблеткалар 40 мг №100

имя
Ацетилцистеин-Тева 200 мг №20
имя
имя
Стопангин–Тева, спрей 30 мл
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Дротаверин
Қолданылуы:
  • бауыр және өт шығару жолдарының ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің спазмдары: өттас ауруы, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
  • несеп шығару жүйесінің тегіс бұлшықеттерінің спазмдары: несептас ауруы, пиелит, цистит, қуық тенезмдері.

Қосымша ем ретінде:  

  • АІЖ тегіс бұлшықеттерінің спазмы: асқазан мен он екі елі ішектің ойықжара ауруы, гастрит, кардия және қақпашық спазмдары, энтерит, іш қатумен және метеоризммен қатар жүретін колит
  • тензорлық бас ауыруы
  • дисменорея

 

Қолдану тәсілі:

6-12 жастағы балалар: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет қабылдау үшін. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка (бұл 80 мг-ға сәйкес келеді).

12 жастан асқан балалар: 1 таблеткадан күніне 1-4 рет немесе 2 таблеткадан күніне 1-2 рет қабылдау үшін. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка (бұл 160 мг сәйкес келеді).

Емдеу ұзақтығы қолданылған көрсеткіштерге байланысты. Препаратты қабылдаған кезде препарат қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы 1-2 күнді құрайды. Дротаверинді адъювантты ем ретінде қолданған жағдайда, емдеу ұзақтығы (2-3 күн) ұзағырақ болуы мүмкін. Егер ауырсыну синдромы сақталса, пациент дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз реакциялар:

Сирек:

жүрек айнуы, іш қату; бас ауруы, бас айналу, ұйқысыздық; жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы; аллергиялық реакциялар (ангиоэдема, есекжем, бөртпе, қышу); қан қысымының төмендеуі.

Өнім сипаттамасы:

белсенді зат – дротаверин гидрохлориді  40,0 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы