Ибупрофен-Тева 400 мг №50
- ауыру синдромын: жеңіл және орташа ауыруды, бас ауыруды, бас сақинасын, етеккірлік және етеккір алдындағы ауыруды симптоматикалық емдеу үшін
- жоғары температураны, ауыруды және қабынуды төмендету үшін (мысалы, ревматоидты артритте), дегенеративтік артриттерде (мысалы, остеоартиритте), ауыртатын ісінуде және бұлшықеттердегі және/буындардағы ауыруда.
Симптомдарды жеңілдету үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде тиімді ең аз доза қолданылуы тиіс («Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Жеңіл немесе орташа ауыру, температураның жоғарылауы
Препарат тек қысқа уақытқа қолдану үшін және ересектерге және салмағы
≥ 40 кг балаларға (12 жас және одан үлкен) арналған.
200 – 400 мг бір рет немесе күніне 2-3 рет, таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 6 сағатты құрауы тиіс.
Тәуліктік ең жоғары доза 1200 мг-ден аспауы тиіс.
Бас ауыру, бас сақинасы:
400 мг бір рет, 400 мг қажет болғанда таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық 6 сағатқа дейін.
Дене салмағы ≥ 20 кг ( 6 – 11 жас) балалар: 200 мг күніне 1-3 рет, таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық қажетіне қарай 6 сағат.
Тәуліктік ең жоғары доза 600 мг-ден аспауы тиіс.
30-90 кг (10-11 жас) балалар: 200 мг тәулігіне 1-4 рет, таблеткаларды қабылдау арасындағы аралық қажетіне қарай 6 сағат.
Тәуліктік ең жоғары доза 800 мг-ден аспауы тиіс.
Ибупрофенді дене салмағы 20 кг-ден азырақ немесе 6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Етеккірлік және етеккір алдындағы ауыру
Ересектер және дене салмағы ≥40 кг (12 жастан бастап және одан үлкен) жасөспірімдер:
Тәулігіне 1-3 рет 200-400 мг, аралығы қажетіне қарай 6 сағатқа дейін.
Тәуліктік ең жоғары доза 1200 мг-ден аспауы тиіс.
Бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар
Ересектер:
Ұсынылатын доза бірнеше қабылдауға тәулігіне 1200-1800 мг құрайды. Кейбір пациенттерде күніне демеуші 600-1200 мг доза тиімді болуы мүмкін. Жедел және ауыр жағдайларда доза 3 немесе 4 қабылданатын ең жоғары 2400 мг-ге дейін (уақытша) арттырылуы мүмкін.
15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас:
Ұсынылатын доза салмаққа байланысты түзетілуі тиіс: күніне 3-4 қабылданатын, дене салмағына шаққанда 20 мг/кг-ден ең жоғары 40 мг / кг дейін (күніне ең жоғары 2400 мг).
Жағымсыз әсерлерді, барынша аз кезең ішінде тиімді ең төмен дозаны пайдалана отырып, барынша ең төменге азайтуға болады.
Басқа ҚҚСП қолданған кездегідей, ибупрофенді қабылдау инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолданған кезде жағымсыз реакциялардың, әсіресе өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулердің және тесілулердің даму жиілігі жоғары болады.
Асқазан-ішектік қан кету, ойық жараның түзілуі және тесілулер
Барлық ҚҚСП қолданған кезде асқазан-ішектік қан кетулер, ойық жаралар немесе тесілулер емдеу барысының кез келген кезеңінде дамуы мүмкін. Бұл жағымсыз реакциялар өліммен аяқталуы және анамнезінде АІЖ күрделі патологиясының бар болғанына қарамай-ақ, оның ізашар симптомдарымен немесе онсыз дамуы мүмкін. Ойық жарасы, әсіресе асқынған қан кетулері немесе тесілулері анамнезінде бар пациенттерде, және егде жастағы пациенттерде ибупрофеннің дозасын арттырғанда асқазан-ішектік қан кетулердің, ойық жараның немесе тесілулердің даму қаупі жоғары болады. Бұл пациенттер емдеуді ең төмен қолжетімді дозадан бастауы тиіс. Мұндай пациенттерге ацетилсалицил қышқылын төмен дозаларда немесе АІЖ зақымдану қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттердегі сияқты, қорғайтын препараттарды (мысалы, мизопростолды немесе протонды помпа тежегіштерін) бір мезгілде тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн. Ойық жараның түзілу және қан кетулер қаупі жоғары болғандықтан, ибупрофенді және, селективті циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, басқа да ҚҚСП бір мезгілде тағайындауға жол бермеу керек.
Анамнезінде АІЖ аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер емдеудің бастапқы кезеңдерінде туындаған әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішектік қан кетулер туралы) мәлімдеп отыруы тиіс. Ойық жараның немесе қан кетулердің даму қаупін арттыруы мүмкін препараттармен, мысалы, пероральді кортикостероидтармен, варфарин сияқты антикоагулянттармен, серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштермен немесе, мысалы, ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоцитарлық препараттармен қатар ем қабылдап жүрген пациенттерге ибупрофенді сақтықпен тағайындау керек. Ибупрофен қабылдап жүрген пациенттер асқазан-ішектік қан кетулер немесе ойық жаралар дамыған жағдайда, препарат қабылдауды тоқтату керек.
Респираторлық бұзылыстар
Ибупрофенді бронх демікпесінен, созылмалы риниттен немесе аллергиялық аурулардан зардап шегіп жүрген пациенттерге, сондай-ақ анамнезінде осы аурулар бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені мұндай пациенттерде ибупрофен бронхтың түйілуін, есекжемді, ангионевроздық ісінуді туындатуы мүмкін екендігі мәлімделді.
Жүрек, бүйрек және бауыр функцияларының бұзылуы
ҚҚСП қолдану бүйрек функциясының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Бірнеше анальгетиктерді бір мезгілде күн сайын қабылдау бүйрек функциясының нашарлау қаупін қосымша арттырады. Диуретиктерді қабылдап жүрген жүрек, бүйрек және бауыр функцияларының бұзылулары бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге қысқа уақыт кезеңі ішінде препараттың тиімді ең төмен дозасын қолдану және әсіресе ұзақ ем қабылдап жүрген пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек.
Жүрек-қантамырлық және церебральді-васкулярлық әсерлер
Ибупрофенді жүрек функциясының жеткіліксіздігі немесе артериялық гипертензиясы анамнезінде бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені ибупрофенді қолдану аясында ісінулердің дамығаны жөнінде мәлімделді.
Ибупрофенді, әсіресе жоғары дозада (тәулігіне 2400 мг) тағайындау миокард инфарктісі немесе инсульт сияқты артериялық тромбоздық асқынулар қаупінің аздап ұлғаюымен байланысты болуы мүмкін. Ибупрофенді төмен дозада (тәулігіне ≤ 1200 мг) қабылдау мен артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупінің ұлғаюы арасында байланыс жоқ.
Ибупрофенді бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, жүректің диагностикаланған ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің факторлары (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі тарту сияқты) бар пациенттерде ибупрофенмен ұзақ емдеуді бастар алдындағы сияқты, болған жағдайды мұқият талдағаннан кейін жоғары дозаларға (тәулігіне 2400 мг) жол бермей тағайындау керек.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Елеулі дегидратация орын алған пациенттерде ибупрофенмен емдеуді сақтықпен бастау керек. Басқа ҚҚСД тағайындаған кездегідей, ибупрофенді ұзақ қабылдау бүйректің папиллярлық некрозына және бүйректерде басқа да патологиялық өзгерулерге әкелуі мүмкін. Бүйректерге уытты әсері сондай-ақ бүйректік простагландиндері бүйректің перфузиясын демеуде компенсаторлық рөл атқаратын пациенттерде де байқалды. ҚҚСД мұндай пациенттерге тағайындау простагландиндер түзілуінің дозаға байланысты азаюын, және, екіншіден, бүйректік қан ағынының азаюын туындатуы ықтимал, бұл бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Мұндай реакцияның даму қаупі жоғары топқа диуретиктерді және ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін қабылдап жүрген, бүйрек функциясы бұзылған, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар пациенттер, сондай-ақ егде жастағы пациенттер жатады. ҚҚСД қабылдауды тоқтату әдетте мұның алдындағы емнен жағдайдың қалпына келуімен қоса жүреді.
Сусызданған балаларда және жасөспірімдерде бүйрек функциясы жеткіліксіздінің қаупі бар.
Дерматологиялық әсерлері
ҚҚСД қолданған кезде күрделі тері реакцияларының дамығаны жөнінде мәлімделді, олардың кейбіреулері, эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, өлімге әкелуі мүмкін. Жайылған жедел экзантематоздық пустулез (AGEP) туралы мәлімделді. Пациенттер емдеудің алғашқы айы ішінде туындайтын осы реакциялардың өте үлкен қаупіне көптеген жағдайда емдеудің ерте сатыларында ұшырайды. Ибупрофен қабылдауды тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы сияқты белгілер мен симптомдар немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.
Гематологиялық әсерлер
Ибупрофен, басқа да ҚҚСД сияқты, тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуі және қан кету уақытын ұзартуы мүмкін.
Асептикалық менингит
Сирек жағдайларда ибупрофен қабылдаған пациенттерде асептикалық менингит дамыды. Бұл жүйелік қызыл жегісі және дәнекер тінінің басқа аурулары бар науқастарда болуы мүмкін болса да, ол осы асқынулардың дамуы туралы қатар жүретін созылмалы аурулары жоқ пациенттерде де мәлімделді.
Жасырын инфекциялар симптомдарының бүркемеленуі
Ибупрофен-Тева препараты тиісінше ем жүргізуді бастаудың кідіруіне және сонысымен ауру барысының асқынуына әкелетін инфекциялық аурулардың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Бұл ауруханадан тыс бактериялық пневмонияда және желшешектің бактериялық асқынуларында байқалды. Ибупрофен-Тева препаратын дене температурасы жоғарылағанда немесе инфекцияларда ауыруды жеңілдету үшін қолданған кезде инфекциялық ауруға мониторинг жүргізу ұсынылады. Медициналық мекемеден тыс емдеу жағдайларында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг