Иммунитет
Иммунорм-Тева Таблеткалар, 100 мг
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Қолданылуы:
Суық тию аурулары кезінде бастапқы симптомдардың профилактикасы және емдеу
Қолдану тәсілі:
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар күніне 3-4 рет 1 таблеткадан қабылдайды.
6-дан 11 жасқа дейінгі балалар – күніне 2-3 рет 1 таблеткадан.
Үздіксіз қолдану ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс.
Жағымсыз реакциялар:
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- аса жоғары сезімталдықтың тері реакциялары (қышыну, тері бөртпелері, есекжем)
- Стивенс-Джонсон синдромы
Өте сирек (<1/10000)
- бронх түйілуі обструкциямен
- аса жоғары сезімталдық салдарынан болатын демікпе
- ангиоісіну
- Квинке ісінуі
- анафилаксиялық шок
- аутоиммундық аурулар (жайылған энцефалит, түйінді эритема, аутоиммундық тромбоцитопения, тубулярлы бүйрек дисфункциясымен Шегрен синдромы)
- ұзақ қолданған кездегі лейкопения (8 аптадан астам)
Өнім сипаттамасы:
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100,0 мг күрең қызыл эхинацея жаңа гүлдеген шөбінің құрғақ экстрактісі. Дәрілік препараттың құрамында болуын ескеру қажет қосымша заттар: сорбитол.