Кардио

Лизиноприл-Тева 20 мг №50

имя
Ацетилцистеин-Тева 200 мг №50
имя
имя
Диклофенак-Тева Гель 40 г
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Лизиноприл
Қолданылуы:
  • артериялық гипертензияда
  • жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде (диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен кешенді ем құрамында)
  • жедел миокард инфарктісінде,  гемодинамикасы 6 апта бойы тұрақты пациенттерде (алғашқы 24 сағаттан бастап)
  • екінші типті қант диабетімен және гипертензиясы мен бастапқы нефропатиясы бар пациенттерде бүйрек зақымданғанда
Қолдану тәсілі:

Лизиноприлді бір уақытта тәулігіне 1 рет ішке қабылдайды. Лизиноприлдің сіңуі тамақ ішуге байланысты емес.

Дозаны жеке пациенттің ерекшеліктеріне және артериялық қысым реакциясына байланысты жекелей есептеген жөн (4.4 бөлімін қараңыз).

Артериялық гипертензия

Лизиноприл препаратын монотерапия ретінде, сондай-ақ гипертензияға қарсы басқа кластың дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады (4.3, 4.4, 4.5 және 5.1 бөлімдерін қараңыз).

Жағымсыз реакциялар:

Қан және лимфа жүйесінің бұзылуы

Сирек: гемоглобиннің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі

Өте сирек: сүйек кемігі депрессиясы, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз (4.4 бөлімді қараңыз), гемолиздік анемия, лимфаденопатия, аутоиммундық аурулар.

Иммундық жүйе бұзылыстары

Белгісіз: анафилаксиялық / анафилактоидты реакция белгісіз

Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылуы

Өте сирек: гипогликемия.

Неврологиялық жүйе бұзылыстары және психикалық бұзылыстар

Жиі: бас айналу, бас ауыруы

Жиі емес: көңіл-күйдің өзгерулері, парестезия, бас айналу, дәм сезудің бұзылуы, ұйқының бұзылуы, елестеулер.

Сирек: сананың шатасуы, иіс сезудің бұзылуы

Белгісіз: депрессия симптомдары, естен тану.

Жүрек-қантамыр бұзылыстары

Жиі: ортостаздық әсерлер (гипотонияны қоса)

Жиі емес: миокард инфарктісі немесе цереброваскулярлық апат, жоғары қаупі бар пациенттерде шамадан тыс гипотонияға қатысты салдарлы болуы мүмкін, жүректің соғуы, тахикардия, Рейно феномені.

Респираторлық жүйенің, төстің және көкірек ортасының бұзылуы

Жиі: жөтел

Жиі емес: ринит

Өте сирек: бронх түйілуі, синусит, аллергиялық альвеолит / эозинофильді пневмония.

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жиі: диарея, құсу

Жиі емес: жүрек айнуы, іштің ауруы және асқазан бұзылыстары

Сирек: ауыздың құрғауы

Өте сирек: панкреатит, ішектің ангионевроздық ісінуі, гепатит – гепатоцеллюлярлық немесе холестаздық, сарғаю және бауыр жеткіліксіздігі (4.4 бөлімін қараңыз).

Тері және теріасты шелінің бұзылуы

Жиі емес: бөртпе, қышыну

Сирек: есекжем, алопеция, псориаз, аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну: беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, дыбыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі (4.4-бөлімді қараңыз)

Өте сирек: терлеу, күлдіреуік, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, терінің жалған лимфомасы.

Симптомдар кешені туралы хабарланған, ол бір немесе бірнеше: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, оң антиядролық антиденелер (ANA), эритроциттердің жоғары шөгу жылдамдығы (ЭШЖ), эозинофилия және лейкоцитоз, бөртпе, көздің қарығуы немесе басқа да дерматологиялық көріністерді қамтуы мүмкін.

Бүйрек және несеп жүйесі бұзылыстары

Жиі: бүйрек дисфункциясы

Сирек: уремия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Өте сирек: олигурия / анурия.

Эндокриндік жүйе бұзылыстары

Сирек: антидиурездік гормонның тиісті емес секрециясының синдромы (SIADH).

Репродуктивтік жүйе және сүт безі аурулары

Жиі емес: импотенция

Сирек: гинекомастия.

Жалпы бұзылыстар

Жиі емес: шаршау, астения.

Зертханалық талдаулар

Жиі емес: қандағы мочевина деңгейінің жоғрылауы, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, гиперкалиемия

Сирек: қан сарысуында билирубин деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия.

 

Клиникалық зерттеу нәтижесінде алынған қауіпсіздік деректер Лизиноприлдің жалпы гипертониялық ауруы бар балаларда жақсы көтерімді екені және осы жас тобында қауіпсіздік бейіні ересектермен салыстырарлық деп болжауға мүмкіндік береді.

Өнім сипаттамасы:

Бір таблетканың құрамында 

белсенді зат: лизиноприл, 5 мг, 10 мг, 20 мг (тиісінше 5,44 мг, 10,89 мг21,78 мг лизиноприл-дигидрат түрінде).

қосымша заттарманнитол, натрий кроскармеллозасы.

Қосымша заттарының толық тізімі 6.1. тармағында келтірілген.