Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну

Мелоксикам-Тева Раствор для инъекций 15 мг/1,5 мл

имя
Моксонидин-Тева 0,2 мг №30
имя
имя
Фозиноприл-Тева, 20 мг
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Мелоксикам
Қолданылуы:
  • басқа енгізу жолдары қолайсыз болғанда ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилиттің жедел өршулерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу. 

Мелоксикам-Тева, инъекцияға арналған ерітіндісі ересектерде қолданылады

Қолдану тәсілі:

15 мг 1 ампула күніне бір рет, бұлшықет ішіне.

Күніне 15 мг ДОЗАДАН АСЫРМАУ КЕРЕК.

Емдеу әдетте айрықша жағдайларда (мысалы, енгізудің басқа тәсілдерін пайдалану мүмкін болмаған кезде) ең жоғары ұзақтығы 2-ден 3 күнге дейінгі емнің басында бір реттік инъекциямен шектеледі.

Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа емдеу кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады (4.4 бөлімін қараңыз).

Пациенттің симптомдардың ауырлығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге реакциясын мезгіл-мезгіл бағалау керек.

Жағымсыз реакциялар:

Өте жиі

- диспепсия, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш қату, метеоризм, диарея 

Жиі

- бас ауыру

- инъекция орнының қатаюы, инъекция аймағының ауырсынуы

Жиі емес

- анемия

- анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакция болып табылмайтын аллергиялық реакция 

- бас айналу, ұйқышылдық

- вертиго

- артериялық қысымның жоғарылауы, гиперемия

- асқазан-ішек жолынан жасырын немесе көп қан кету, стоматит, гастрит, кекіру 

- бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, трансаминаза немесе билирубиннің жоғарылауы) 

- Квинке ісінуі, қышыну, бөртпе 

- организмде натрий мен судың іркілуі, гиперкалиемия, бүйрек функциясы сынамасындағы ауытқулар (қан сарысуындағы креатинин және/немесе сарысудағы мочевина мөлшерінің жоғарылауы)  

- ісіну, соның ішінде аяқтардың ісінуі

Сирек

- қан формуласының өзгеруі (лейкоциттік формула өзгерісін қоса)

- лейкопения, тромбоцитопения

- көңіл-күйдің өзгеруі, қорқынышты түс көру 

- көрудің бұзылуы, соның ішінде көрудің бұлыңғырлануы, конъюнктивит  

- құлақтың шуылдауы

- жүректің жиі қағуы

- аспиринге немесе басқа ҚҚСП аллергиясы бар адамдарда демікпе

- колит, асқазан мен он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы, эзофагит 

- есекжем

Өте сирек

- агранулоцитоз

- гастроинтестинальді тесілу, асқазан-ішек жолынан қан кету, ауыр салдарларымен байқалатын немесе өліммен аяқталатын ойықжараның пайда болуы, әсіресе қарт адамдарда  

- гепатит

- буллезді дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уыттық эпидермалық некроз

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, әсіресе қауіп факторы жоғары пациенттерде

Белгісіз

- анафилаксиялық шок, анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакция

- шатасу жағдайы, бағдардан жаңылу  

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары, гиперемия 

- панкреатит

- фотосезімталдық реакциясы

- тұрақты дәрілік бөртпе ретінде белгілі, әдетте препаратты қайталап қабылдағанда бір жерде(лерде) қайталанатын және дөңгелек немесе сопақша түрінде терінің қызаруы және ісіну, бөртпе болуы, есекжем, қышу тән аллергиялық тері реакциясы

Өнім сипаттамасы:

Инъекцияға арналған ерітінді 15 мг/1,5 мл