Суық тию және жөтел
Сироп от кашля - Тева Фито
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Қолданылуы:
тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларында
Қолдану тәсілі:
Егер дәрігер басқа дозалау режимін тағайындамаса:
- 6 жастан асқан балалар: 1 шай қасықтан (5 мл) тамақтанудан кейін тәулігіне 3 рет (тәбеттің болмау мүмкіндігіне байланысты). Дәрігердің бақылауында ғана қолдану керек.
- ересектер мен егде жастағы пациенттер: 1 ас қасықтан (15 мл) тамақтанудан кейін тәулігіне 3 рет. Ең жоғары доза тәулігіне 4 рет (60 мл) 1 ас қасықтан (15 мл).
Жағымсыз реакциялар:
Асқазан-ішек жолы тарапынан:
Белгісіз
- асқазанның түйілуі, жүрек айнуы, құсу
Иммундық жүйенің бұзылулары:
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, ентігу, тері бөртпесі, есекжем, сондай-ақ беттің, ауыздың және тамақтың ісінуі (Квинке ісінуі), анафилаксиялық шок
Өнім сипаттамасы:
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 4.1624 г жебіршөп сұйық экстрактісі,
4.1630 г тасшөп сұйық экстрактісі,
4.1666 г жолжелкен сұйық экстрактісі,
Дәрілік препараттың құрамында болуы ескерілетін қосымша заттар: 62.0 г сахароза, 0.125 г натрий бензоаты.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1-бөлімнен қараңыз.