Кардио

Телмисартан-Тева 40 мг №30

имя
Лактулоза-Тева, сироп 200мл
имя
имя
Бетагистин-Тева Таблеткалар, 24 мг №60
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Телмисартан
Қолданылуы:

Артериялық гипертензия

Ересектерде артериялық гипертензияны емдеу.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Ересектерде жүрек-қантамыр ауруына шалдығуды төмендету:

 - атеротромбоздық жүрек-қантамыр ауруының көрініс беруімен (анамнезде: жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, шеткері артериялар ауруы) немесе

- нысана-ағзалар зақымдануы тіркелген ІІ типті қант диабетімен

Қолдану тәсілі:

Артериялық гипертензияны емдеу

Әдетте, тиімді доза тәулігіне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәуліктік 20 мг доза көмектесуі мүмкін. Бөлу сызығы бойымен 40 мг таблетканы бөліп, 20 мг дозаны қабылдауға болады. Егер нысаналы артериялық қысымға қол жеткізілмесе, телмисартан дозасын тәулігіне бір рет ең жоғары 80 мг дейін арттыруға болады. Балама ретінде, телмисартанмен бірге артериялық қысымның төмендеуіне қосымша әсерін көрсететін гидрохлоротиазид сияқты тиазидті типті диуретиктермен бірге телмисартанды қабылдауға болады. Егер сіз дозаны арттырғыңыз келсе, гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне препаратты қабылдаудың басталуынан кейін төрт-сегіз аптадан соң жетуге болатынын есте сақтау керек.

 

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 80 мг құрайды.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін телмисартанды қабылдау басталғанда артериялық қысымға егжей-тегжейлі мониторинг өткізу, ал егер бұл қажет болса, дозаны түзету ұсынылады.   

Жағымсыз реакциялар:

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі емес: циститті қоса, несеп шығару жолдарының инфекциялары, фарингит пен синуситті қоса, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары  

Сирек: сепсис, соның ішінде өліммен аяқталатын1

Қан және лимфа жүйелері тарапынан бұзылулар

Жиі емес: анемия

Сирек: тромбоцитопения,  эозинофилия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Сирек: анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі емес: гиперкалиемия

Сирек: гипогликемия (қант диабеті бар пациенттерде)

Психика тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: ұйқысыздық, депрессия

Сирек: үрей

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: естен тану

Сирек: ұйқышылдық

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар 

Сирек: көру бұзылыстары

Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және құлақ иірінің бұзылулары

Жиі емес: вертиго

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі емес: брадикардия

Сирек: тахикардия

Тамырлар тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: айқын АҚ төмендеуі2, ортостаздық гипотензия

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі емес: ентігу, жөтел

Өте сирек: өкпенің интерстициальді ауруы

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі емес: іштің ауыруы, диарея, диспепсия, метеоризм, құсу

Сирек: ауыз кеберсуі, асқазан аумағындағы жайсыздық, дәм сезу түйсіктерінің бұзылуы

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Сирек: бауыр функциясының бұзылуы/бауырдың зақымдануы 

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: терінің қышынуы, гипергидроз, бөртпе

Сирек: ангионевроздық ісіну (сондай-ақ өліммен аяқталатын), экзема, эритема, дәрілік бөртпе, терінің уытты бөртпесі, есекжем

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: арқаның ауыруы (ишиалгия), бұлшықет түйілулері, миалгия

Сирек: артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, сіңірлердің ауыруы (тенденит тәрізді синдром)

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар 

Жиі емес: бүйрек функциясының бұзылуы,  бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жай-күйлер 

Жиі емес: кеуденің ауыруы, астения (әлсіздік)

Сирек: тұмау тәрізді синдром

Зертханалық және құралмен тексеру зерттеулерінің нәтижелеріне ықпалы

Жиі емес: қан плазмасында креатинин концентрациясының жоғарылауы

Сирек: гемоглобин төмендеуі, қандағы мочевина қышқылы мөлшерінің көбеюі, қандағы креатинфосфокиназаның (КФК) жоғарылауы.

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Сепсис

PRoFESS зерттеуінде телмисартанды қабылдау кезінде, плацебомен салыстырғанда, сепсис жағдайларының артуы байқалды. Бұл құбылыс кездейсоқ немесе қазіргі уақытта белгісіз механизммен байланысты болуы мүмкін (5.1. бөлімін де қараңыз).

Гипотензия

Гипотензия жүрек-қантамыр ауруына шалдығуды төмендету үшін стандартты емдеуге қосымша телмисартан қабылдаған, артериялық қысымы бақыланатын пациенттерде жиі жағымсыз құбылыс болып тіркелді.

Өнім сипаттамасы:

белсенді зат – 40 мг немесе 80 мг телмисартан 

Дәрілік препараттың құрамында бар екені ескерілу керек қосымша заттар: тиісінше, 19.20 мг және 38.40 мг сорбитол 

Қосымша заттардың толық тізімін 6.1. бөлімінен қараңыз.