Кардио

Валсартан-Тева 160 мг №30

имя
Телмисартан Н-Тева 80/25 мг №30
имя
имя
Валсартан-Тева 80 мг №30
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Валсартан
Қолданылуы:

Артериялық гипертензия

  • ересек пациенттерде және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны емдеуде

Жуық арада өткерілген миокард инфарктісі

  • симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігімен немесе жуық арада өткерілген (12 сағат-10 күн) миокард инфарктісінен кейін симптомсыз сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясымен клиникалық тұрақты ересек пациенттерді емдеуде (4.4 және 5.1 бөлімді қараңыз).

Жүрек жеткіліксіздігі

  • жүрек жеткіліксіздігі: егер минералокортикоидты рецепторлардың антагонистерін пайдалану мүмкін болмаса, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФ) көтере алмайтын клиникалық симптоматикасы бар ересек пациенттерде немесе β-блокаторларды көтере алмайтын пациенттерде АӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде жүрек жеткіліксіздігін емдеу. (4.2, 4.4, 4.5 және 5.1 бөл.қ.).
Қолдану тәсілі:

Артериялық гипертензия

Валсартан-Тева препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг немесе 160 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсерге екі апта ішінде жетеді, ал ең жоғары әсері төрт аптадан кейін басталады. Артериялық қысымның талапқа сай төмендеуіне қол жеткізе алмайтын пациенттерге тәуліктік дозаны 160 мг дейін немесе максималды 320 мг дейін арттыруға болады.

Валсартан-Теваны артериялық қысымды төмендететін басқа препараттармен қабылдауға болады (4.3, 4.4, 4.5 және 5.1 бөл.қ.). Гидрохлоротиазид сияқты диуретиктерді бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көбірек төмендеуіне ықпал етеді.

Постинфаркттік жағдай

Клиникалық тұрғыдан тұрақты пациенттерге миокард инфарктісінен кейін 12 сағаттан соң емдеуді бастауға болады. Тәулігіне екі рет 20 мг бастапқы дозадан кейін дозаны келесі бірнеше апта ішінде тәулігіне екі рет 40 мг, 80 мг және 160 мг дейін арттыруға болады. Бастапқы доза жартысынан бөлінген 40 мг бір таблетканы қабылдауды қамтамасыз етеді.

Ең жоғары доза тәулігіне екі рет 160 мг құрайды. Пациенттерге алдымен ем басталған сәттен бастап екі апта ішінде тәулігіне екі рет 80 мг дозадан қабылдау және пациенттің препаратты көтере алуына байланысты тәулігіне екі рет 160 мг мақсатты ең жоғары дозасына 3 ай ішінде жету ұсынылады. Гипотензия немесе бүйрек жеткіліксіздігі симптомдары туындаған жағдайда препарат дозасын азайту керек.

Валсартанды миокард инфарктісінен кейін, мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен, бета-блокаторлармен, статиндермен және диуретиктермен емдеудің басқа түрлерімен қатар қолдануға болады. Препаратты АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды (4.4 және 5.1 бөл.қ.).

 

Миокард инфарктісін өткерген пациенттерді тексерген кезде әрқашан бүйрек функциясын бағалау керек.

Жағымсыз реакциялар:

Инфаркттан кейінгі күйдегі және/немесе жүрек жеткіліксіздігіндегі жағымсыз реакциялар (тек ересек пациенттер арасында зерттелген)

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылу

Белгісіз

Тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан бұзылу

Белгісіз

Сарысу құю  ауруын қоса, жоғары сезімталдық

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылу

Жиі емес

Гиперкалиемия

Белгісіз

Қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылу

Жиі

Бас айналуы, постуральді бас айналуы

Жиі емес

Естен тану, бас ауыруы

Есту және тепе-теңдік ағзасы тарапынан бұзылу

Жиі емес

Бас айналуы

Жүрек тарапынан бұзылу тарапынан бұзылу

Жиі емес

Жүрек жеткіліксіздігі

Қантамыр жүйесі тарапынан бұзылу

Жиі

Гипотензия, ортостаздық гипотензия

Белгісіз

Васкулит

Тыныс алу, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылу

Жиі емес

Жөтел

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу

Жиі емес

Жүрек айнуы, диарея

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылу

Белгісіз

Бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылу

Жиі емес

Ангионевроздық ісіну

Белгісіз

Буллездік дерматит, бөртпе, қышыну

Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылу

Белгісіз

Миалгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылу

Жиі

Бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі емес

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз

Қандағы азот, мочевина деңгейінің жоғарылауы

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

Жиі емес

Астения, қажу

Өнім сипаттамасы:

Бір таблетканың құрамында 

белсенді зат - валсартан 40 мг, 80 мг немесе 160 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты тиісінше 21.11, 42.22 және 84.44,  натрий кроскармеллозасы тиісінше 5.40, 10.80 және 21.60.