Ацетилцистеин-Тева 200 мг №20
Жедел және созылмалы бронхит, ларингит, синусит, трахеит, тұмау, бронх демікпесі және муковисцидоз (қосымша ем ретінде) сияқты жөтелу қиын, қою бөлінділердің пайда болуына әкелетін тыныс жолдарының аурулары.
Жедел ауруларды емдеуге арналған стандартты доза
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 200 мг.
12 жастан асқан балалар мен ересектер: күніне 600 мг, бір немесе бірнеше қабылдаумен (мысалы, күніне 3 рет 200 мг).
Арнайы дозалар
Ұзақ мерзімді терапия: күніне 400-600 мг, бір немесе бірнеше рет қабылдауда, емдеудің ең жоғары ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жоғары сезімталдық; анафилаксиялық шок, анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар
Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар
Бас ауыру
Есту ағзасы тарапынан бұзылулар
Құлақ шулау
Жүрек тарапынан бұзылулар
Тахикардия
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Геморрагия
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар
Бронхоспазм, диспноэ
Асқазан-ішек бұзылулары
Құсу, диарея, стоматит, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Есекжем, бөртпе, қантамыр ісінуі, терінің қышуы
Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар
Гиперемия, беттің ісінуі
Зертханалық және аспаптық деректер
Гипотензия
200 мг, ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер