Сироп от кашля-Тева 9% қантсыз
тұтқыр шырышты қабықтың қиын өтуіне байланысты тыныс алу жолдарының суық тию симптомдарын және жедел бронхит симптомдарын жеңілдетуге арналған.
Сұйылтылмаған күйде қабылдаңыз.
Ересектер: күніне 3 рет 10 мл. Жалпы тәуліктік доза 30 мл.
Қабылдау арасындағы аралықтарды үнемі сақтай отырып, күн ішінде тәуліктік дозаны қабылдаңыз. Қолданар алдында құтының ішіндегісін сілку керек. Емдеу курстарының ұзарту және қайталау тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана мүмкін болады. Ауру симптомдары 1 апта бойына сақталған жағдайда дәрігерге көріну қажет.
«Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз әсерлер» бөлімдерінде көрсетілген ақпаратты назарға алыңыз.
Құрамында этил спиртінің болуына байланысты дәрілік препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды.
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі)
Кейде
- асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айну, құсу, диарея)
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, реакцияның ауырлық дәрежесін анықтайтын және қажет болған жағдайда одан әрі ісшаралар жүргізетін дәрігерге қаралу керек.
Препараттың аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері кезінде қайта тағайындауға болмайды
100 г шәрбаттың құрамында
белсенді зат - жебіршөп сұйық экстрактісі* 9,00 г
Белсенді заттар: 85% глицерин 20,0 мг, калий сорбаты 0,1 г, 70% сорбитол 45.0 г.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1-тармақтан қараңыз.