Кардио

Бисопролол-Тева табл, 5 мг №30

имя
Гастро-Тева №30
имя
имя
Лаксигал-Тева
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Бисопролол
Қолданылуы:
  • артериялық гипертензия
  • жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
Қолдану тәсілі:

Артериялық гипертензияны емдеу 

Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. 

Артериялық гипертензияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм с.б. дейін), күніне бір рет 2,5 мг дозамен емдеу жеткілікті болуы мүмкін.

Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.

Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс.

Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)

Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. 

Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.

Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс.

Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Емдеу ұзақтығы 

Емдеу ұзақтығы шектелмейді және аурудың барысы мен ауырлығына байланысты.

Бисопролол-Тева препаратымен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулық жағдайының күрт нашарлауына әкелуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту).

Жағымсыз реакциялар:

Жиі            

бас айналуы*, бас ауыруы*

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату

- аяқ-қолда мұздаудың немесе ұюдың сезілуі, бұрыннан бар мезгіл-мезгіл ақсақтықтың өршуі

- шаршау*, әлсіздік

Жиі емес

- брадикардия, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, бұрыннан бар жүрек функциясы жеткіліксіздігінің нашарлауы

- анамнезде бронх демікпесі немесе тыныс алу ағзаларының обструкциялық аурулары бар пациенттерде бронхтың түйілуі

- бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, құрысулар

- ортостаздық гипотензия

- астения

- депрессия, ұйқының бұзылуы

Сирек

- түнгі қорқыныштар, елестеулер

- есту қабілетінің бұзылуы

- естен тану

- көзден жас ағудың азаюы (пациенттер көзіне жанаспалы линза таққан кезде мұны ескергені жөн)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, ысынулар, қызару, бөртпе, ангионевроздық ісіну)

- аллергиялық ринит

- гепатит

- эректильді дисфункция (потенция бұзылулары)

- бауыр ферменттері (АлАТ, АсАТ), триглицеридтер, гипогликемия деңгейінің жоғарылауы, гипогликемия

Өте сирек

- псориаз немесе псориазға ұқсас экзантеманы туындатуы мүмкін, шаштың түсуі.

- конъюнктивит

 

* Бұл симптомдар емнің бас кезінде жиі пайда болады. Олар, әдеттегідей, қарқыны аз сипатта болады және әдетте 1-2 апта ішінде жоғалады.

Өнім сипаттамасы:

белсенді зат- 5 мг және 10 мг бисопролол гемифумараты

Дәрілік препараттың құрамында болуы ескерілетін қосымша заттар: лактоза моногидраты - 134.75 мг (5мг үшін ) және 129.75 (10 мг үшін).

Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 тармағынан қараңыз.