Кардио

Атенолол-Тева 25 мг №50

имя
Иммунорм-Тева Таблеткалар, 100 мг
имя
имя
Сироп от кашля-Тева
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Атенолол
Қолданылуы:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (25 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы және ойып түсірілген «М 006» деген жазуы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар  (50 мг доза үшін).

Қолдану тәсілі:

Атенолол-Тева препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Жағымсыз реакциялар:

Дәрілік заттың жағымсыз реакцияларының даму жиілігін бағалау критерийлері: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (пайда болу жиілігін қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

 - брадикардия, аяқ-қолдың салқындауы

Сирек

- жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, естен тануды туғызуы ықтимал гипотония (ортостатикалық гипотония), шеткері қантамыр жеткіліксіздігі бар науқастарда симптомдардың нашарлауы (оның ішінде мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде), Рейно синдромы.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Емдеудің басында

- бас айналу, тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, түнгі қорқынышты түстер

Сирек

- елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, сандырақтау, парестезия, бас ауыру, бас айналу, депрессиялық көңіл-күй, түнгі қорқынышты түстер

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іш қату, іш өту.

Жиі емес

- бауыр трансаминазаларының жоғарылауы, бауырішілік холестаз, гепатит

Қан және лимфа жүйесі тарапынан:

Сирек

- пурпура, тромбоцитопения

Тері және тері асты тіндері тарапынан:

Сирек

- аллергиялық тері реакциялары (қышыну, терінің қызаруы, экзантема), шаштың түсуі

Өте сирек

- псориаз

Белгісіз

- Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар

Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан:

Сирек

- либидоның бұзылуы, импотенция, гинекомастия

Тыныс алу мүшелері тарапынан:

Сирек

- диспноэ, бейімділігі бар науқастарда бронх обструкциясы синдромының пайда болуы мүмкін

Көру мүшелері тарапынан:

Сирек

- көрудің бұзылуы, көз жасы безі сөлінісінің азаюы, бұл әсіресе жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастарда анықталады

Эндокринология тарапынан:

- латентті қант диабетінің манифестациясы немесе ағымдағы қант диабеті бар науқастар жағдайының ауырлауы

Липидтік алмасудың бұзылуы:

- жалпы холестерин қалып шегінде болатын кезде тығыздығы жоғары липопротеидтер деңгейі азаяды және плазмадағы триглицеридтер деңгейі жоғарылайды

Жиілігі белгісіз

Люпус тәрізді синдром, антинуклеарлық антидененің жоғарылауы

Өнім сипаттамасы:

белсенді зат – 25 мг немесе 50 мг атенолол,

қосымша заттар - микрокристалды целлюлоза, жүгері кра­хмалы, магний карбонаты, натрий лаурилсульфаты-1.58 мг (25 мг үшін), 3.17 мг (50 мг үшін), магний стеараты-0.58 мг (25 мг үшін), 1.1 мг (50 мг үшін), желатин,

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), глицерин.