Дезлоратадин-Тева, 5 мг
Симптомдарды жеңілдету үшін:
- аллергиялық ринит (түшкіру, мұрынның бітелуі, ринорея, мұрынның қышуы, көздің қышуы және қызаруы, жас ағу)
- есекжем (тері қышынуы, бөртпе).
Ересектер: тәулігіне 1 таблеткадан (5 мг) 1 рет.
Маусымдық (интермиттирленетін) аллергиялық ринитті емдеу (ұзақтығы аптасына 4 күннен аз немесе жылына 4 аптадан аз симптомдардың болуы) пациенттің ауру тарихына сәйкес, аурудың барысын бағалай отырып жүргізілуі керек. Симптомдар жоғалғаннан кейін препаратты қабылдауды тоқтату керек. Симптомдар қайта пайда болған кезде емдеуді қайта бастауға болады.
Жыл бойы (персистирленетін) аллергиялық ринитте (ұзақтығы аптасына 4 күннен астам немесе жылына 4 аптадан астам симптомдардың болуы) аллергенмен жанасудың барлық кезеңі ішінде ұзақ емдеу болжанады.
Жалпы бұзылулар
Жиі: қатты шаршағыштық
Өте сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксия, ангионевроздық ісіну, ентігу, терінің қышынуы, бөртпе, есекжем)
белсенді зат - 5 мг дезлоратадин. Дәрілік препараттың құрамында болуы ескерілетін қосымша заттар: 22 мг маннитол, 0,14 мг индигокармин алюминий лагы бояғышы.