Лактулоза-Тева, сироп 200мл
- іш қатуда (жуан ішектің физиологиялық ырғағын реттеу)
- медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдайларда (геморрой, тоқ ішекке және перианальді аумаққа жасалған операциядан кейінгі жағдайлар)
- бауыр энцефалопатиясында
Шәрбатты сұйылтпай немесе сұйылтып қабылдауға болады. Бір реттік дозаны ауызда ұзақ уақыт ұстамай, бірден жұтқан жөн. Препаратты қолдану тәсілін пациенттің жекелей қажеттіліктеріне қарай таңдайды.
Егер препаратты бір рет қабылдау ұсынылған болса, онда тәуліктік дозаны ұдайы бір ғана уақытта, мысалы таңғы астан кейін қабылдау керек. Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау кезеңінде жеткілікті мөлшерде, күніне 1.5-2.0 л сұйықтық немесе 6-8 стаканға дейін су ішу ұсынылады.
Іш жүргізетін әсері 2-10 сағаттан кейін білінуі мүмкін.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
Зат алмасу мен тамақтанудың бұзылулары
Жиі
- гипернатриемия (бауыр энцефалопатиясында)
Жиі емес
- су-электролит теңгерімсіздігі (диареяға байланысты)
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- диарея (жоғарғы дозаларды қолданғанда)
Жиі
- метеоризм, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Белгісіз
- бөртпе, қышыну, есекжем
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 132,00 г 50% лактулоза