Диклофенак-Тева Гель 100 г
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:
- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқаның ауыруында
- ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартрит
- шеткері буындардың остеоартроздарын симптоматикалық емдеуге арналған (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)
Ересектерге. Ауырған аймақтың көлеміне байланысты 2-4 г гель (диаметрі шамамен 2-2,5 см дөңгелек пішінді масса) жағылады және теріге күніне 3-4 рет ысқылап жағады. Гельді жаққаннан кейін, егер олар емдеуге жататын бөлігі болмаса, қолды жуу ұсынылады.
Гель ультрадыбысты өткізеді, сондықтан ультрадыбыстық еммен біріктірілімде қолданылуы мүмкін.
Терінің үлкен аймақтарына гельді пайдаланған кезде, жүйелі абсорбция жоғары болады және жағымсыз реакциялар қаупі артады.
Инфекциялар және инвазиялар
Өте сирек
- іріңді бөртпе
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- Квинке ісінуі
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса алғанда)
Тыныс алу жүйесі, кеуде қаңқасы және көкірек органдар тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- демікпе
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі
- бөртпе, экзема, эритема, дерматит (оның ішінде жанаспалы), қышыну
Сирек
- буллезді дерматит
Өте сирек
- фотосенсибилизация реакциялары
100 г гельдің құрамында
белсенді зат - 1,0 г натрий диклофенагы
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 бөлімнен қараңыз.