Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну

Диклофенак-Тева Раствор для внутримышечного введения, 75 мг

имя
Мелоксикам-Тева Таблетки 7,5 мг №20
имя
имя
Диклофенак-Тева капсулы кишечнорастворимые 100 мг №20
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Диклофенак
Қолданылуы:

Бұлшықет ішіне енгізу

  • ревматизмнің қабыну және дегенеративтік түрлерінің өршуі: ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилит, остеоартроз, спондилоартрит, омыртқа аурулары кезіндегі ауыру синдромы, буыннан тыс ревматизмде
  • подаграның жедел ұстамасында
  • бүйрек немесе бауыр шаншуында
  • жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауыру синдромы,  қабыну және ісінуде
  • бас сақинасы ауыр ұстамаларында

Вена ішіне инфузия

  • стационар жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу немесе профилактикасында
Қолдану тәсілі:

Препараттың дозасы жеке тағайындалуы тиіс. Жағымсыз әсерлерді азайту үшін симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төменгі тиімді дозаны қолдану керек.

Диклофенак-Тева инъекциясын қатарынан 2 күннен артық қолдануға болмайды. Қажет болған жағдайда ем Диклофенак-Теваның таблетка немесе суппозиторий түрлерінің көмегімен жалғасуы мүмкін.

Бұлшықет ішіне енгізу

Препаратты ересек пациенттерге қолданады.

Инъекция жасалған жерде жүйкенің немесе басқа да тіндердің зақымдануын болдырмау үшін препаратты бөксе аумағының жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықетке терең енгізу керек. Күніне 1 ампула (75 мг натрий диклофенагы) тағайындалады. Ауыр жағдайларда (мысалы, шаншу кезінде) бірнеше сағат аралықпен 75 мг-нан 2 инъекция жүргізілуі мүмкін (екінші инъекция қарама-қарсы бөксе аумағына жүргізілуі тиіс).

Балама ретінде препараттың күніне бір инъекциясын (75 мг) Диклофенак-Тева препаратының басқа дәрілік түрлерін (таблетка немесе суппозиторий) қабылдаумен біріктіруге болады, бұл ретте ең жоғары тәуліктік доза 150 мг құрайды.

Венаішілік инфузия

Диклофенак-Тева препаратының инфузиясын бастар алдында 100-500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде еріту керек. Екі ерітінді де натрий бикарбонатының (0,5 мл 8,4% ерітіндісі немесе 1 мл 4,2%) ерітіндісімен буферленуі тиіс.

Диклофенак-Тева инъекцияға арналған ерітіндісін венаішілік болюсті инъекция түрінде енгізуге болмайды.

Препаратты дозалаудың екі баламалы режимі ұсынылады:

Орташа және қатты операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін 30 минуттан 2 сағатқа дейін 75 мг енгізу қажет. Қажет болған жағдайда емді 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады, 24 сағат ішінде 150 мг аспауы тиіс.

Операциядан кейінгі ауырсынудың алдын алу үшін хирургиялық араласудан кейін 15 минуттан 1 сағатта  25-50 мг жүктеме дозасын енгізу қажет, осыдан кейін ең жоғары тәуліктік 150 мг дозаға дейін шамамен 5 мг/сағ үздіксіз инфузияны қолдану қажет.

Жағымсыз реакциялар:

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іш ауыруы, метеоризм, анорексия

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, сұйықтықтың кідіруі, ісіну

- инъекция орнындағы реакция, инъекция орнының ауырсынуы, инъекция орнының қатаюы

Сирек               

- ұйқышылдық, қажу

- демікпе (ентігуді қоса)

- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (гипотония мен шокты қоса)

- гастрит, асқазан-ішектен қан кетулер, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе тесілумен немесе оларсыз  асқазан-ішектің ойық жаралары (кейде, әсіресе, егде жастағы адамдарда өлімге соқтыратын)

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

- есекжем

- ісіну, енгізу орнының некрозы

Өте сирек

- бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер көру, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар, үрейлену

- парестезия, жады бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәм сезудің бұзылуы, ми қанайналымының бұзылуы

- көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия

- құлақтағы шуыл, естудің бұзылуы

- гипертония, гипотония, васкулит

- тромбоцитопения, лейкопения, анемия (соның ішінде, гемолиздік және

аплазиялық анемия), агранулоцитоз

- ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса)

- пневмонит

- колит (соның ішінде, геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі), іш қатуы, стоматит (соның ішінде, ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, панкреатит

- шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі

- буллездік бөртпелер, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативтік дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы

- импотенция

- инъекция орнындағы абсцесс

Белгісіз

- сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылулары, жалпы дімкәстік

- көру жүйкесінің невриті

- Коунис синдромы

- ишемиялық колит

- тері тамырларының дәрілік әсерінен болатын эмболиясы (Николау синдромы)

Диклофенак, аса жоғары дозаларында (тәулігіне 150 мг) және ұзақ уақыт қолданғанда, артериялық тромбоэмболияның (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульттің) туындауы қаупін аздап арттыруы мүмкін.

Өнім сипаттамасы:

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат – 75,0 мг натрий диклофенагы

Дәрілік препарат құрамында бар екені ескерілу керек қосымша заттар: пропиленгликоль