Мелоксикам-Тева Таблетки 7,5 мг №20
- остеоартроз өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу
- ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилоартритті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу
Тәуліктік дозаны бірден қабылдау керек.
Жағымсыз құбылыстарды ең қысқа емдеу ұзақтығымен ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады (4.4 бөлімін қараңыз).
Әсіресе, остеоартроз бар пациенттерде пациенттегі симптомдар айқындылығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге жауабын мезгіл-мезгіл бағалау керек.
Остеоартрит өршуі: күніне 7,5 мг/күн (7,5 мг-ден 1 таблетка). Қажет болса, жақсару болмаған жағдайда, дозаны 15 мг/тәулікке дейін (7,5 мг-ден 2 таблетка) арттыруға болады.
Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит:
Күніне 15 мг (7,5 мг-ден 2 таблетка) («Пациенттердің ерекше топтарын» да қараңыз). Емдеуге берілген жауапқа сәйкес дозаны тәулігіне бір рет 7,5 мг дейін төмендетуге болады (1 таблетка 7,5 мг).
Жасөспірімдер (16 жастан бастап): Ең жоғары тәуліктік доза 0,25 мг/кг құрайды, 15 мг-ден аспауы тиіс.
Препаратты қолдану ұзақтығы әркімде жеке және емдеуші дәрігер белгілейді.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Анемия
Сирек: лейкопения, тромбоцитопения
Өте сирек агранулоцитоз жағдайлары жөнінде хабарланды.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакция болып табылмайтын аллергиялық реакция
Белгісіз: Анафилаксиялық шок, анафилаксиялық/анафилактоидты реакция
Психикалық ауытқулар
Сирек: Көңіл-күйдің өзгеруі, қорқынышты түс көру
Белгісіз: Шатасу күйі, бағдардан жаңылу
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: Бас ауыру
Жиі емес: Бас айналу, ұйқышылдық
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Сирек: көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануын қоса, конъюнктивит
Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Вертиго
Сирек: Құлақтағы шуыл
Жүрек тарапынан бұзылулар
Сирек: Жүректің жиі соғуы
Белгісіз: Жүрек жеткіліксіздігінің жағдайлары, гиперемия туралы хабарланды
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Артериялық қысым көтерілуі (4.4 бөлімін қараңыз), гиперемия
Тыныс мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Сирек: Басқа ҚҚСП немесе аспиринге аллергиясы бар тұлғалардағы демікпе
Асқазан-ішек жолының бұзылулары
Өте жиі: диспепсия, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш қату, метеоризм, диарея
Жиі емес: Асқазан-ішек жолынан жасырын немесе құйылған қан кету, стоматит, гастрит, кекіру
Сирек: колит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, эзофагит
Өте сирек: гастроинтестинальді тесілу, асқазан-ішек жолынан қан кету, әсіресе, егде жастағы адамдарда ауыр зардаптарымен немесе өліммен болатын ойық жараның түзілуі немесе тесілуі (4.4 бөлімін қараңыз).
Белгісіз: Панкреатит.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, трансаминаза немесе билирубин жоғарылауы)
Өте сирек: Гепатит
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Квинке ісінуі, қышыну, бөртпе
Сирек: Есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некроз
Өте сирек: буллезді дерматит, мультиформалы эритема;
Белгісіз: фотосезімталдық реакциясы, тұрақты дәрілік бөртпе (4.4 бөлімін қараңыз)
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі емес: Организмдегі натрий және су іркілісі, гиперкалиемия (4.4 бөлімін және 4.5 бөлімін қараңыз), бүйрек функциясы сынамасындағы ауытқулар (қан сарысуындағы креатинин және/немесе сарысулық мочевинаның көп мөлшері)
Өте сирек: Жедел бүйрек жеткіліксіздігі, әсіресе, қауіп факторы жоғары пациенттерде (4.4 бөлімін қараңыз)
Жыныс мүшелері және сүт безі тарапынан бұзылулар
Белгісіз: әйел бедеулігі, овуляция кідірісі.
белсенді зат – 7,5 мг немесе 15 мг мелоксикам
қосымша заттар: лактоза моногидраты 77.20 (7.5 мг доза үшін), лактоза моногидраты 69.70 (15 мг доза үшін), натрий цитраты 18,0, магний стеараты 1,80.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 тармағынан қараңыз.