Дротаверин-Тева 40 мг
- бауыр және өт шығару жолдарының ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің спазмдары: өт-тас ауруы, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
- несеп шығару жүйесінің тегіс бұлшықеттерінің спазмдары: несеп-тас ауруы, пиелит, цистит, қуық тенезмдері.
Қосымша ем ретінде:
- АІЖ тегіс бұлшықеттерінің түйілу кезінде: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гастрит, кардия және қақпа спазмдары, энтерит, іш қатумен және метеоризммен қатар жүретін колит
- тензорлық бас ауыруы кезінде
- дисменореяда.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Ересектерге: әдеттегі тәуліктік доза күніне 3-6 таблетканы (120-240 мг) (2- 3 қабылдауға бөлінген) құрайды.
6-12 жастағы балалар: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет қабылдау үшін. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка (бұл 80 мг-ға сәйкес келеді).
12 жастан асқан балалар: 1 таблеткадан күніне 1-4 рет немесе 2 таблеткадан күніне 1-2 рет қабылдау үшін. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка (бұл 160 мг сәйкес келеді).
Емдеу ұзақтығы көрсеткіштерге байланысты. Препаратты қабылдаған кезде препарат қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы әдетте 1-2 күнді құрайды. Дротаверинді көмекші ем ретінде қолданылған жағдайда, емдеу ұзақтығы (2-3 күнге дейін) ұзағырақ болуы мүмкін. Егер ауырсыну синдромы сақталса, пациент дәрігерге қаралу керек.
Сирек
- жүрек айну, іш қату
- бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық
- жүрек соғуының жиілеуі
- аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышыну)
- артериялық қысымның төмендеуі.
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - дротаверин гидрохлориді 40,0 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон К25, микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, сары түсті, диаметрі 7 мм таблеткалар