Левофлоксацин-Тева
Левофлоксацин-Тева, таблеткалар дәрілік препараты, келесі инфекцияларды емдеу үшін ересек пациенттерде қолдануға көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.
Төменде атап көрсетілген инфекциялар үшін Левофлоксацин-Тева осы инфекциялардың бастапқы емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана қолдануы қажет:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының асқынуы
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит.
Таблеткадағы Левофлоксацин-Тева препаратын сондай-ақ левофлоксацинді вена ішіне енгізе отырып, бастапқы ем жүргізгеннен кейін жағдайы жақсарған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.
Таблеткаларды тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Доза инфекцияның түрі мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты.
Таблеткадағы Левофлоксацин-Тева препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізумен, бастапқы емді жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін; парентеральды және пероральді түрлердің биобаламалылығын ескере отырып, сол дозаны пайдалануға болады.
Жиі
- ұйқысыздық*
- бас ауыруы*, бас айналу*
- диарея, құсу, жүрек айнуы
- бауыр ферменттері (АЛТ/АСТ, сілтілі фосфатаза, ГГТ) деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- Candida инфекциясын қоса, зеңді инфекция
- патогенді микроорганизмдердің резистенттілігінің дамуы
- лейкопения, эозинофилия
- анорексия, үрейлену*, сананың шатасуы*, қозу*
- ұйқышылдық*, тремор*, дисгевзия*
- бас айналу*
- ентігу
- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату
- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- бөртпеb, қышынуb, есекжемb, гипергидрозb
- артралгия*, миалгия*
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- астения*
Сирек
- тромбоцитопения, нейтропения
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- антидиурездік гормонның адекватты емес секреция синдромы (АДГ АеСС)
- гипогликемия, әсіресе диабеті бар пациенттерде, гипогликемиялық кома
- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулер, паранойя)*
- депрессия*, ажитация*
- ерекше түстер*, шым-шытырық түстер*, сандырақтау*
- құрысулар*, парестезия*, жадының нашарлауы*
- көрудің бұлыңғырлануы сияқты, көрудің бұзылуы*
- тиннитус*
- тахикардия**, жүректің жиі соғуы**
- гипотензия**
- эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік бөртпе (DRESS) b, бекітілген токсидермияb
- тендинитті қоса, сіңірлердің аурулары* (мысалы, ахилл сіңірі)*
- гравис миастениясы бар пациенттерде ерекше мәні болуы мүмкін бұлшықет әлсіздігі *
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)
- пирексия*
Белгісіз
- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық шок, анафилактоидты шок (анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар препараттың тіпті бірінші дозасын енгізгеннен кейін пайда болуы мүмкін)
- гипергликемия
- суицидтік ойлау немесе мінез-құлықты қоса, пациенттің өзіне қауіп төндіретін мінез-құлқы бар психоздық бұзылыстар *
- аносмияны* қоса, шеткері сенсорлық нейропатия*, шеткері сенсомоторлы нейропатия*, паросмия*; дискинезия*, экстрапирамидті бұзылыс*, агевзия (дәмнің жоғалуы)*, естен тану*, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия*
- уақытша көрмей қалу*, увеит*
- естімей қалу*, естудің бұзылуы*
- жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін қарыншалық тахикардия**, қарыншалық аритмия және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (негізінен QT аралығының ұзару қаупі факторлары бар пациенттерде байқалады), ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы**
- бронх түйілуі, гиперсенситивті пневмонит
- геморрагиялық диарея, өте сирек жағдайларда, жалған жарғақшалы колитті қоса, энтероколитті көрсетуі мүмкін; панкреатит
- сарғаю және өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса, әсіресе ауыр қатарлас аурулары бар пациенттерде бауырдың ауыр зақымдануы; гепатит
- уытты эпидермальді некролизb, Стивенс-Джонсон синдромыb, полиморфты эритемаb, фотосезімталдықb реакциялары, лейкоцитокластты васкулитb, стоматитb
- рабдомиолиз*, сіңірлердің, байламдардың*, бұлшықеттердің* үзілуі (мысалы, ахилл сіңірлері)*
- артрит
- ауыру (арқа, кеуде және аяқ-қолдың ауыруын қоса) *.
Фторхинолондарды қолданумен байланысты басқа жағымсыз әсерлерге порфириямен ауыратын пациенттерде порфирия ұстамалары жатады.
b тері-шырышты реакциялар кейде препараттың тіпті бірінші дозасын қабылдағаннан кейін пайда болуы мүмкін.
* Хинолондар мен фторхинолондарды қолданумен байланысты ағзалар жүйесі мен сезім мүшелерінің (тендинит, сіңірдің үзілуі, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, жүрістің бұзылуы, парестезиямен байланысты нейропатиялар, депрессия, шаршау, ежадының бұзылуы, ұйқының бұзылуы және есту, көру, дәм және иіс сезудің бұзылуы) әртүрлі және кейде бірнеше кластарына әсер ететін ұзақ мерзімді (бірнеше айға немесе жылдарға дейін), мүгедектікке әкелетін және потенциалды қайтымсыз күрделі дәрілік реакциялардың жағдайлары, кейбір жағдайларда бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан өте сирек байқалды.
** Фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде кейде үзілумен (соның ішінде өліммен аяқталатын) асқынған аневризма және аортаның ажырауы, сондай-ақ регургитациясы / жүрек клапандарының кез келгенінің жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді.
Одна таблетка, покрытая пленочной оболочкой, содержит
активное вещество - левофлоксацина гемигидрат, 512,460 мг (эквивалентно левофлоксацину 500,00 мг),
вспомогательные вещества - натрия стеарил фумарат, кросповидон тип А, кремния диоксид коллоидный, коповидон, целлюлоза микрокристаллическая силикатная,
состав пленочной оболочки Opadry II Pink 31K34554: лактозы моногидрат, гипромеллоза 15 сР, титана диоксид (Е 171), триацетин, железа (III) оксид красный (Е 172), железа (III) оксид желтый (Е 172).
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой розового цвета, овальной формы с двояковыпуклой поверхностью, с гравировкой «L» на одной стороне и риской на другой, размером 8 х 16.0 мм.