Кардио

Эналаприл-Тева 10 мг

Эналаприл-Тева 5 мг
Эналаприл-Тева 5 мг
Эналаприл-Тева 10 мг
Эналаприл-Тева 20 мг
Эналаприл-Тева 20 мг
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
эналаприл малеат
Қолданылуы:

Эналаприл-Тева препараты қолданылады:

  • Жоғары қан қысымын емдеу (гипертензия);
  • Жүрек жеткіліксіздігін емдеу (жүрек функциясының әлсіреуі). Бұл медициналық
  • көмекке деген қажеттілікті азайтып, кейбір пациенттердің өмірін ұзартуы мүмкін;
  • Жүрек жеткіліксіздігінің белгілерін алдын алу үшін. Бұл белгілерге мыналар жатады:
  • ентігу, жаяу жүру сияқты жеңіл жаттығулардан кейін шаршау немесе тобық пен аяқтың
  • ісінуі;
Қолдану тәсілі:

Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің, дәріхана қызметкерінің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Күдіктер пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

Емдеуші дәрігер Сізге Эналаприл-Тева препаратын қабылдаудың басында қан талдауын тағайындауы мүмкін. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз артериялық қысымды бақылау үшін препараттың жеткілікті дозасын алу үшін Сізге тағайындалған дозаны өзгертуі мүмкін.

Жағымсыз реакциялар:

Өте жиі (≥ 1/10)

  • бас айналуы
  • жөтел
  • жүрек айнуы
  • астения

Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)

  • депрессия
  • бас ауыруы, естен тану, дәм сезудің өзгеруі
  • көздің бұлдырауы
  • кеуденің ауыруы, жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия, тахикардия
  • гипотензия (ортостаздық гипотензияны қоса)
  • ентігу
  • диарея, іштің ауыруы
  • бөртпе, аса жоғары сезімталдық/ ангионевроздық ісіну, соның ішінде беттің, аяқ-қолдың,
  • еріннің, тілдің, көмейдің және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі
  • шаршау
  • гиперкалиемия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Өнім сипаттамасы:

Әрбір таблетканың құрамында 20,0 мг эналаприл малеаты бар.

Басқа ингредиенттер (қосымша заттар): лактоза моногидраты. жүгері крахмалы, тальк, натрий гидрокарбонаты, гидроксипропилцеллюлоза - тек 10 мг, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (e172) - тек 10 мг және 20 мг, темірдің сары тотығы (e172) - тек 20 мг.