
Эналаприл-Тева 20 мг
Эналаприл-Тева препараты қолданылады:
- Жоғары қан қысымын емдеу (гипертензия);
- Жүрек жеткіліксіздігін емдеу (жүрек функциясының әлсіреуі). Бұл медициналық
- көмекке деген қажеттілікті азайтып, кейбір пациенттердің өмірін ұзартуы мүмкін;
- Жүрек жеткіліксіздігінің белгілерін алдын алу үшін. Бұл белгілерге мыналар жатады:
- ентігу, жаяу жүру сияқты жеңіл жаттығулардан кейін шаршау немесе тобық пен аяқтың
- ісінуі;
Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің, дәріхана қызметкерінің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Күдіктер пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Емдеуші дәрігер Сізге Эналаприл-Тева препаратын қабылдаудың басында қан талдауын тағайындауы мүмкін. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз артериялық қысымды бақылау үшін препараттың жеткілікті дозасын алу үшін Сізге тағайындалған дозаны өзгертуі мүмкін.
Өте жиі (≥ 1/10)
- бас айналуы
- жөтел
- жүрек айнуы
- астения
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- депрессия
- бас ауыруы, естен тану, дәм сезудің өзгеруі
- көздің бұлдырауы
- кеуденің ауыруы, жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия, тахикардия
- гипотензия (ортостаздық гипотензияны қоса)
- ентігу
- диарея, іштің ауыруы
- бөртпе, аса жоғары сезімталдық/ ангионевроздық ісіну, соның ішінде беттің, аяқ-қолдың,
- еріннің, тілдің, көмейдің және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі
- шаршау
- гиперкалиемия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Әрбір таблетканың құрамында 20,0 мг эналаприл малеаты бар.
Басқа ингредиенттер (қосымша заттар): лактоза моногидраты. жүгері крахмалы, тальк, натрий гидрокарбонаты, гидроксипропилцеллюлоза - тек 10 мг, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (e172) - тек 10 мг және 20 мг, темірдің сары тотығы (e172) - тек 20 мг.


