Гастро-Тева №60
- Жоғары қышқылдықпен (қыжыл, диспепсия) байланысты асқазан-ішек жолының органикалық зақымдануларынсыз ауруларды симптоматикалық емдеу.
- Жоғары қышқылдықпен байланысты бұзылуларды келесі ауруларда симптоматикалық емдеу:
- асқыну фазасындағы жедел және созылмалы гастрит
- жедел гастродуоденит
- асқыну фазасындағы асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы
- диафрагманың өңеш саңылауы жарығы
- рефлюкс-эзофагит
Ересектерге тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан соң және кешке ұйықтар алдында күніне 3-5 рет 2 таблетка қабылдау ұсынылады, тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспайды. Қолдану ұзақтығы 2 аптадан аспайды, дәрігердің ұсынысы бойынша дозалаудың басқа режимі тағайындалуы мүмкін!
Осыған ұқсас дозалар тамақ ішуге байланыссыз, қыжыл кезінде ұсынылады.
Балалар
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар - ересектерге арналған дозаның жартысын қабылдайды.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық өлшемдері және жағымсыз реакцияларды жүйелік-ағзалық жіктелуге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жіктеу (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Метаболизм және тамақтанудың бұзылуы
Өте сирек
- гипермагниемия (кейінгі гипотониямен). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде магний гидроксидін ұзақ уақыт енгізгеннен кейін байқалады
Белгісіз
- гипофосфатемия
Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіннің бұзылуы
Белгісіз
- бұлшықет әлсіздігі, остеомаляция байқалуы мүмкін
АІЖ тарапынан:
Белгісіз
- жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, іштің ауыруы
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар-бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксия, ангиодистрофия
Жүйке жүйесінің бұзылуы:
Белгісіз
- дәм сезгіштігінің жоғалуы, бас ауруы
Бүйрек функциясы және несеп шығарудың бұзылулары
Белгісіз
- азотемия.
Жалпы бұзылулар мен реакциялар:
Белгісіз
- кальциноз және астения (әлсіздік).
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: алюминий гидроксиді - магний карбонаты гелі - 450.0 мг, магний гидроксиді - 300.0 мг, қосымша заттар: маннитол (Е421), сорбитол (Е420), лактоза моногидраты 30.0