Ибупрофен-Тева 200мг №20
Келесі жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін:
- бас ауыру
- бас сақинасы
- тістің ауыруы
- ауыртатын етеккірлер
- невралгия
- арқаның ауыруы
- бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар
- тұмауда және суық тию ауруларындағы қызба жағдайлары
Бастапқы доза 1-2 таблетканы (200-400 мг ибупрофенді) құрайды. Қажет болған кезде препарат 1-2 таблетка дозада (200 - 400 мг ибупрофен) қайталап қабылдануы мүмкін. Дозалану аралығы симптомдардың айқындылығына және ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдаулар арасындағы аралық 200 мг дозада кем дегенде 4 сағат болуы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс.
Егер балаларда симптомдар 3 күннен аса сақталса немесе препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күннен соң жағдайдың нашарлағаны байқалса, онда дәрігерден кеңес алу қажет.
Егер ересектерге қызба жағдайында осы дәрілік препаратты 3 күннен астам немесе ауыруды емдеу үшін 4 күннен астам бойы қабылдау қажет болса, сондай-ақ симптомдар өршісе, дәрігерден кеңес алу керек.
Асқазан аурулары бар пациенттерге Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 200 мг таблеткасын тамақ ішу кезінде немесе тамақтан соң қабылдау ұсынылады.
Ибупрофен-Тева препаратының қабықпен қапталған 200 мг таблеткасын тамақ ішуден кейін бірден қабылдағанда препараттың әсері кешігуі мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын 4.2. «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде көрсетілген, ұсынылған дозадан жоғарыға, немесе қайталап дозалаудың тиісті аралығы өткенше арттырмау керек.
Жағымсыз әсерлерді, барынша аз кезең ішінде тиімді ең төмен дозаны пайдалана отырып, барынша ең төменге азайтуға болады.
Басқа ҚҚСП қолданған кездегідей, ибупрофенді қабылдау инфекцияның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг