Индапамид/Периндоприл-Тева, 1,25/5 мг №30
артериялық қысымды бақылау үшін тек периндоприл жеткіліксіз болатын ересек пациенттердегі артериялық гипертензия
Индапамид/Периндоприл - Тева препаратын күніне 1 таблеткадан, дұрысы, таңертеңгі тамақ алдында қабылдайды. Егер АҚ емдеудің 1 айы ішінде төмендемесе, онда дозаны екі еселеу қажет.
Мүмкіндігінше, компоненттер дозасын жекелей титрлеу ұсынылады. Егер қан қысымы 0,625мг/ 2,5мг дозадағы периндоприл/индапамид таблеткаларымен тиісті түрде бақыланбаса Индапамид/Периндоприл-Тева 1,25 мг/5 мг препаратына ауыстырылу жүзеге асырылуы тиіс. Егер бұл клиникалық тұрғыдан мүмкін болса, монотерапиядан Индапамид/Периндоприл-Тева 1,25 мг/ 5 мг тікелей ауыстырылады.
Егде пациенттер
Егде жастағы пациенттерге емді артериялық қысымның реакциясын және бүйрек функциясын бағалаудан кейін бастау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі (КК) 30-60 мл/мин) ең жоғары тәуліктік доза күніне бір таблетка Индапамид/Периндоприл-Тева 0,625 мг/ 2,5 мг.
КК ≥ 60 мл/мин пациенттер емдеу аясында дозаны түзетуді қажет етпейді.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясының орташа айқын жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.
Жиі
- гипотония, оған қоса ортостаздық
- парестезия, бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік
- көрудің бұзылуы
- құлақ шыңылдауы
- АӨФ тежегіштері тобының препараттарын қабылдау кезінде ұзақ сақталатын және оларды тоқтатқаннан кейін жоғалып кететін құрғақ жөтел
- ентігу
- іш қату, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, жүрек айнуы, эпигастрийдегі ауыру, анорексия, құсу, іштің ауыруы, дисгевзия, диспепсия, диарея
- тері бөртпесі, қышыну, макулопапулезді бөртпе
- бұлшықет түйілуі
- гипокалиемия
Жиі емес
- ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, депрессия
- АҚ төмендеуі (оның ішінде ортостаздық гипотензия)
- бронх түйілуі
- беттің, еріннің, аяқ-қолдың, тілдің шырышты қабығының, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі; есекжем
- бронх обструктивті және аллергиялық реакцияларға бейім пациенттерде жоғары сезімталдық реакциялары
- геморрагиялық васкулит
- ауыр формадағы жүйелі қызыл жегісі бар пациенттерде ауру ағымының нашарлауы мүмкін
- импотенция
- гипокалиемия, әсіресе қауіп тобына жататын пациенттер үшін маңызды
- дегидратацияға және ортостаздық гипотензияға әкелетін гипонатриемия және гиповолемия
- препаратты қабылдау кезінде қандағы несеп қышқылы мен глюкоза концентрациясының жоғарылауы
- емдеуді тоқтатқаннан кейін өтетін несептегі және қан плазмасындағы креатинин концентрациясының шамалы жоғарылауы көбінесе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде, артериялық гипертензияны диуретиктермен емдеуде және бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында
- гиперкалиемия, көбінесе өтпелі
- қатты тершеңдік
Сирек
- гиперкальциемия
- гипонатриемия
- гипохлоремия
- гипомагниемия
АДГ адекватты емес секреция синдромы (SIADH)
- анурия/олигурия
- ысыну
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Өте сирек
- тромбоцитопения, лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия
- белгілі бір клиникалық жағдайларда (бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер, гемодиализдегі пациенттер) - анемия
- сананың шатасуы
- жүрек ырғағының бұзылуы (оның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия, жыпылықтағыш аритмия)
- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде АҚ шамадан тыс төмендеуі салдарынан стенокардия және миокард инфарктісі
- электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы
- эозинофильді пневмония, ринит
- панкреатит, ішектің ангионевроздық ісінуі
- цитолитикалық немесе холестаздық гепатит
- көп формалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
- жоғары фотосезімталдық реакциялары
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 1.25 мг/5 мг