Карведилол-Тева, 6.25мг
- артериялық гипертензияда
- созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем)
- жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
Артериялық гипертензия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, содан кейін кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен күніне 1 рет 25 мг. Барлық дозаны бірден қабылдай немесе оны 2 қабылдауға бөле отырып, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг.
Тұрақты стенокардия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, содан кейін 25 мг-ден күніне 2 рет. Қажет болса, кем дегенде 2 апта аралықты сақтай отырып, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) - 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастайды, содан кейін (жақсы жағушылықта) бұл дозаны күніне 2 рет 6,25 мг – ге дейін, содан кейін 12,5-25 мг-ге дейін күніне 2 рет арттырады.
Дене салмағы 85 кг-ден кем болған кезде – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг құрайды.
Дене салмағы 85 кг-ден астам болғанда - ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг құрайды.
Егер емдеу 2 аптадан астам уақытқа тоқтатылса, онда оны қайта бастау 3,125 мг дозадан күніне 2 рет, кейіннен дозаны ұлғайта отырып басталады.
Емдеу курсының ұзақтығы мен дозасын емдеуші дәрігер анықтайды.
Инфекциялар және инвазиялар
Жиі: бронхит, пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциясы, қызба, тұмауға ұқсас синдром
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: анемия, тромбоцитопения, протромбин деңгейінің төмендеуі
Сирек: панцитопения және атипті лимфоциттердің пайда болуы
Өте сирек: лейкопения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі: аллергиялық реакциялар
Сирек: анафилаксиялық реакциялар
Метаболизм және тамақтанудың бұзылулары
Жиі: дене салмағының жоғарылауы, гипергликемия, креатинин деңгейінің жоғарылауы, сілтілі фосфатаза, гамма-глутаминтрансфераза, қандағы мочевина азоты және қалдық азот, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гиперурикемия, гипогликемия, гипонатремия, гликозурия, қант диабеті, салмақ жоғалту, гиперкалиемия
Сирек: тығыздығы жоғары альфа-липопротеидтер деңгейінің төмендеуі
Психикалық бұзылулар
Жиі: депрессия, жабырқаңқы көңіл-күй
Жиі емес: ұйқының бұзылуы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: бас айналу, бас ауруы. гипестезия, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, естен тану, инсульт, мазасыздық
Жиі емес: гипокинезия, қозғыштық, зейін шоғырландырудың бұзылуы, сананың бұзылуы, шымшытырық түстер, эмоционалды тұрақсыздық, тершеңдік, құлақтағы шуыл
Сирек: невралгия, амнезия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі: көрудің бұлыңғырлануы, көздің тітіркенуі, жас бөлінудің азаюы
Есту ағзасы және лабиринт тарапынан бұзылулар
Жиі: вертиго
Сирек: естудің нашарлауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі: брадикардия, артериялық гипертензия, стенокардия, AV блокадасы, жүрек қағысы, гиперволемия, шеткергі, ортостатикалық ісінулер, гиповолемия
Жиі емес: тахикардия
Сирек: толық AV блокадасы, Гис шоғыры тармақтарының блокадасы, миокард ишемиясы, ми қанайналымының бұзылуы
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар
Жиі: пурпура, ортостатикалық гипотензия, шеткергі қанайналымының бұзылуы (алақан мен аяқтағы суық, шеткергі қантамырларының ауруы, үзік-үзік ақсақтық симптомдарының күшеюі, Рейно синдромы)
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Жиі: жөтел, сырыл, диспноэ, өкпе ісінуі, бронх демікпесі (бейім пациенттерде)
Сирек: мұрынның бітелуі, бронх түйілуі, өкпе ісінуі, тыныс алу алкалозы, интерстициальді пневмонит
Асқазан-ішек бұзылулары
Жиі: диарея, жүрек айну, құсу, мелена, периодонтит, абдоминалды ауыруы
Жиі емес: ауыздың құрғауы
Сирек: асқазан-ішек жолдарының геморрагиясы, іш қату
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі емес: билирубинемия
Сирек: бауыр трансаминазаларының (АсАТ және АлАТ) белсенділігінің жоғарылауы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі емес: терінің аллергиялық реакциялары (экзантема, дерматит, есекжем, қышыну), эритема, макулопапулезді және псориаздық бөртпелер, жарыққа сезімталдық реакциялары
Сирек: алопеция, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, полиморфты эритема
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Жиі: артралгия, артрит, бұлшықет түйілуі, бұлшықет гипотензиясы, аяқ-қолдың ауыруы, подагралық артриттің дамуы мүмкін
Бүйрек және несеп шығару жолдарының тарапынан бұзылулар
Жиі: бүйрек жеткіліксіздігі, альбуминурия, гематурия
Жиі емес: жиі несеп шығару
Сирек: әйелдерде несеп ұстамау
Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар
Жиі: импотенция
Жиі емес: төмен либидо
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар
Жиі: астениялық синдром (шаршау, әлсіздік, тез шаршау)
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде карведилол дозасын арттырған кезде жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі және сұйықтықтың іркілуі мүмкін.
Карведилол-Тева 6.25 мг бір таблеткасының құрамында
белсенді зат: 6.25 мг карведилол.
Дәрілік препараттың құрамында болатыны ескерілуі тиіс қосымша заттар: әрбір таблетканың құрамында тиісінше 33.54 мг лактоза моногидраты бар.