Клотримазол-Тева Крем 1%, 30 г
Препарат жергілікті емдеуге арналған:
- өңезді және басқа зеңдер туындатқан дерматомикоздардың барлық түрлері (мысалы, Trichophyton түрлері)
- ашытқылар туындатқан дерматомикоздардың барлық түрлері (Candida түрлері)
- аталған зеңдермен екіншілік инфекция жұқтырған тері аурулары,
- жөргектен болған кандидозды бөртпе, вульвит және баланит
Клотримазол-Тева кремін терінің зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен күніне 2-3 рет жағып, абайлап ысқылайды (теріні бейтарап рН сабынмен алдын ала тазартады және құрғақ сүлгімен құрғатады).
Емдеу ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейін және аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерістердің орналасуы және емнің тиімділігіне байланысты.
Барлық инфекция жұқтырған аймақтарды бір уақытта өңдеу керек.
Қайталануды болдырмау үшін Клотримазол-Тева кремімен емдеуді аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін кемінде 2 апта жалғастыру ұсынылады.
Емнің ұзақтығы
Дерматомикоздарды емдеу кем дегенде 4 апта бойы жүргізіледі.
Candida туындатқан инфекцияларды емдеу - кем дегенде 2 апта.
Кебек тәрізді теміреткі1-3 апта ішінде жергілікті қолданғанда тиімді емделеді.
Егер аурудың симптомдары 7 күн қолданғаннан кейін азаймаса, дәрігермен кеңесу керек.
Аталған жағымсыз әсерлер өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделгендіктен, олардың әрқайсысы үшін нақты пайда болу жиілігін анықтау мүмкін емес.
- Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: аллергиялық реакция (естен тану, гипотония, ентігу, есекжем).
- Тері және тері асты шелінің тарапынан: күлдіреуіктер, жайсыздық/ауыру, ісіну, эритема, тітіркену, қабыршақтану/түлеу, қышыну, бөртпе, шаншу/күйдіру.
белсенді зат - клотримазол 1,0 г. Дәрілік препараттың құрамында болуы есепке алынуы тиіс қосымша заттар: цетостеарил спирті ( 100 мг/1г).