Тері

Пантенол-Тева, крем 5% 35г

имя
Небиволол-Тева, 5 мг
имя
имя
Атенолол-Тева табл, 50 мг №30
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Декспантенол
Қолданылуы:
  • терінің ұсақ зақымданулары, сызаттар, сыдырылулар, тері тітіркенулері, жаялықтан болған эритема, жеңіл күйіктер, созылмалы ойық жаралар, ойылулар, теріні ауыстырып салғанда және жатыр мойны эрозиясы кезінде жазылу процесін жеделдету (белсенділендіру) үшін
  • емшектегі балаларда баздану профилактикасы және емдеу
  • емізу кезеңінде сүт бездері күтімі: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеу
  • тері жабынының бүтіндігі бұзылған кезде, оның ішінде кортикостероидты препараттарды пайдалану кезінде тері құрғақтығын профилактикасы және емдеу.
Қолдану тәсілі:

Дозалау режимі 

Крем күніне бір немесе бірнеше рет жұқалап жағылады, қажет болған жағдайда алдын-ала тазартылған жараға немесе терінің қабынған бөлігіне жағылады және аздап сүртіледі. Қажет болса, таңғышты пайдалану мүмкін болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Емшектегі балаларға күтім жасау кезінде әр жөргекті ауыстырғаннан кейін кремді жағыңыз.

Енгізу әдісі мен жолы 

Сыртқа.

Бала емізу кезінде әр емізу процедурасынан кейін емізікке крем жағыңыз. 

Жатыр мойнының шырышты қабығының зақымдануын емдеу кезінде дәрігердің тағайындауына сәйкес кремді күніне бір немесе одан да көп рет жағыңыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 

Қажет болған жағдайда крем күніне бір немесе бірнеше рет қолданылады.

Жағымсыз реакциялар:

Сирек

  • калий сорбатына жоғары сезімталдық реакциялары (терінің аллергиялық реакциялары)
Өнім сипаттамасы:

100 г препараттың құрамында:

белсенді зат: декспантенол 5 г;

қосымша заттар: калий сорбаты, ланолин спирті, ланолин, ақ жұмсақ парафин, полиглицерил-3 полирицинолеат, орташа тізбекті триглицеридтер, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су.

Ақ немесе сарғыш, ланолинге тән иісі бар гомогенді крем.