Суық тию және жөтел
Стопангин Плюс
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Қолданылуы:
- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан ауыз қуысы мен көмейдегі жеңіл қабыну үдерістерін жергілікті антисептикалық емдеу: катаральді, ойық-жаралы, фиброзды гингивиттер, афтозды стоматит, ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы, фарингит, тонзиллит, ларингит, глоссит
- ауыз қуысына және тамаққа жасалған операциялық араласуларға дейінгі және одан кейінгі инфекциялар профилактикасы
- антибиотиктермен немесе сульфонамидтермен қосып, ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы инфекциялық үрдістерді кешенді емдеу.
Қолдану тәсілі:
Таблеткалар шайнамайды. Препаратты қабылдаған соң, пациент жарты сағат бойы тамақтанбауы және сусындар ішпеуі керек.
Клиникалық симптомдары жойылған соң, емдеуді 1-2 күн бойы жалғастыруұсынылады.
Емдеу курсы дисбактериоздың даму қаупіне байланысты 5–7 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз реакциялар:
Сирек
- жүрек айнуы, құстыру
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар, ашыту және тітіркендіруді сезіну, ауыз қуысының құрғауы
- дисбактериоз (ұзақ қолданған кезде)
Өнім сипаттамасы:
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0,25 мг деквалиний хлориді, 30 мг аскорбин қышқылы, дәрілік препараттың құрамында болуы ескерілетін қосымша заттар: 57,00 мг лактоза моногидраты, 0,50 мг натрий сахарині, 625,00 мг сахароза.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 тармағынан қараңыз.