Стопангин–Тева, спрей 30 мл
Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді тағайындауды қажет ететін ауыз қуысы мен жұтқыншақтың ауыр қызбалық немесе іріңді ауруларын кешенді емдеу кезінде
- тонзиллит
- баспа (оның ішінде бүйір валиктері зақымданған баспа, Плаут-Винцент баспасы)
- фарингит
- гингивит және қызыл иектің қанағыштығы
- периодонтопатиялар (периодонт аурулары және олардың симптомдары)
- суперинфекция профилактикасы мақсатында стоматит (ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы), глоссит (тілдің қабынуы), афтозды ойық жаралар (тіндердің беткейлік ақаулары бар ауыратын қабыну)
- тістерді жұлғаннан кейін альвеолалардың (тіс қуыстары) инфекция жұқтыруы
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың зеңдік инфекциясы, әсіресе кандидозды стоматит (уылуы)
- ауыз қуысы мен жұтқыншақ операцияларына дейін және кейін
- жалпы аурулар кезіндегі ауыз қуысының қосымша гигиенасы
- ауыздағы жағымсыз иісті кетіру, әсіресе ауыз қуысы мен жұтқыншақты бұзатын ісіктер жағдайында
- суық тию ауруларын емдеу кезінде қосымша дәрі.
Ересектер мен 3 жастан асқан балалар
Бірреттік доза 1-2 секунд ішінде енгізіледі.
Егер басқаша көрсетілмесе, күніне екі рет, дұрысы таңертең және кешке қолданылады. Гексэтидин шырышты қабықта адгезияланады және осының арқасында тұрақты әсер көрсетеді. Осыған байланысты препаратты тамақтан кейін қолдану керек.
Препарат жиі қолданған кезде де қауіпсіз.
Жалпы кіріспе бойынша нұсқаулар
Препаратты ауыз қуысында немесе жұтқыншақта шашыратады. Аэрозольдің көмегімен зақымданған бөліктерді оңай және тез өңдеуге болады. Мына қадамдарды орындау қажет:
- аэрозольді баллонға бүріккіш қондырманы кигізіңіз;
- бүріккіш қондырманың ұшын ауыз қуысының немесе жұтқыншақтың зақымданған бөлігіне бағыттаңыз;
- препаратты енгізу кезінде құтыны үнемі тік күйде ұстау керек;
- 1-2 секунд бойы бүріккіш қондырманың бастиегін баса отырып, препараттың қажетті мөлшерін енгізіңіз, аэрозоль енгізген кезде дем алмаңыз.
Емнің ұзақтығы дәрігермен анықталады.
- ауыз қуысының шырышты қабығын уақытша күйдіру сезімі
- сезімталдығы жоғары адамдарда айрықша жағдайларда аллергиялық реакциялар, оның ішінде ларингоспазм болуы мүмкін
- жүрек айнуы (препаратты кездейсоқ жұтып қойған кезде)
30 мл препараттың құрамында:
белсенді зат – 0.0577 г гексэтидин,
Дәрілік препараттың құрамында болуы есепке алынуы тиіс қосымша заттар - 96 % этил спирті.