Телмисартан Н-Тева 80/25 мг №30
ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде (монотерапия түріндегі телмисартан тиімсіз болған жағдайында)
Телмисартан Н-Тева телмисартанды монотерапия түрінде қолдану артериялық қысымның қалыпқа келуіне әкелмейтін пациенттерге қабылдау керек.
Дозалануы бекітілген, біріктірілген препаратқа көшер алдында екі компоненттің әрқайсысының дозасын жеке титрлеу ұсынылады. Монотерапиядан біріктірілген препаратты қабылдауға тікелей ауысуға болады.
80/12.5 мг Телмисартан Н-Тева препаратын қолдану артериялық қысымның қалыпқа келуіне әкеп соқпайтын пациенттерге немесе бөлек қолданған кезде бұрын жағдайы телмисартанмен немесе гидрохлоротиазидпен тұрақтандырылған пациенттерге күніне бір рет 80 мг/25 мг Телмисартан Н-Тева тағайындауға болады.
Инфекциялар мен инвазиялар:
Сирек
- бронхит, фарингит, синусит
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
Сирек
- жүйелі қызыл жегінің өршуі немесе белсенділенуі (постмаркетингтік деректерге негізделген)
Метаболизмнің бұзылуы:
Жиі емес
- гипокалиемия
Сирек
- гипонатриемия, гиперурикемия
Психикалық бұзылулар:
Жиі емес
- үрейлену
Сирек
- депрессия
Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы:
Жиі
- бас айналу
Жиі емес
- естен тану, парестезиялар
Сирек
- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:
Сирек
- көрудің нашарлауы, көру өткірлігінің уақытша төмендеуі
Есту мүшесі және вестибулярлы аппарат тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- вертиго
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- аритмия, тахикардия
Тамырлық бұзылулар:
Жиі емес
- гипотензия, ортостатикалық гипотензия
Тыныс алу мүшелері тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- ентігу
Сирек
- респираторлық дистресс (пневмония мен өкпе ісінуін қоса алғанда)
Асқазан-ішек бұзылыстары:
Жиі емес
- диарея, ауыздың кеберсуі, метеоризм
Сирек
- іштің ауыруы, іш қату, диспепсия, құсу, гастрит
Гепатобилиарлық жүйенің бұзылуы:
Сирек
- бауыр функциясының бұзылуы/бауыр аурулары*
(*тіркеуден кейінгі кезеңде байқалған бауыр функциясының бұзылу жағдайларының басым көпшілігі осындай жағымсыз реакциялар дамуына бейімірек Жапониядағы пациенттерде байқалды)
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар:
Сирек
- ангионевроздық ісіну (өліммен аяқталуды қоса), эритема, қышыну, бөртпе, қатты тершеңдік, есекжем
Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- арқаның ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, миалгия
Сирек
- артралгия, аяқтың ауыруы, аяқтың құрысуы
Ұрпақ өрбіту жүйесі жұмысының бұзылуы және сүт бездерінің аурулары:
Жиі емес
- потенцияның төмендеуі
Жалпы бұзылулар:
Жиі емес
- кеуденің ауыруы
Сирек
- тұмау тәрізді симптомдар, ауыру
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі:
Жиі емес
- несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- креатинин деңгейінің көтерілуі, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназаның артуы
белсенді заттар: 80 мг телмисартан және 25 мг гидрохлоротиазид.
Дәрілік препараттың құрамында ескерілуі қажет қосымша заттар:
әр таблетканың құрамында 354.20 мг лактоза моногидраты және 56.74 мг сорбитол (E420) бар.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1-тармақтан қараңыз.