Кардио

Валсартан/Гидрохлоротиазид – Тева, 80 мг/12,5 мг №30

имя
Валсартан/Гидрохлоротиазид – Тева, 160 мг/12,5 мг №30
имя
имя
Розувастатин-Тева 10 мг №30
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Қолданылуы:

 

валсартан немесе гидрохлоротиазид монотерапиясының көмегімен артериялық қысым жеткіліксіз бақыланған ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі эссенциалдық гипертензияны емдеу үшін

 

Қолдану тәсілі:

Валсартан/Гидрохлоротиазид – Тева препаратының ұсынылған тәуліктік дозасы 80 мг/12.5 мг дозада үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка болып табылады. Қажет болған жағдайда доза 160 мг валсартанға және 12,5 мг гидрохлоротиазидке дейін немесе 160 мг валсартанға және 25 мг гидрохлоротиазидке дейін ұлғайтылуы мүмкін, бірақ валсартан/гидрохлоротиазидтің ең жоғары дозасынан - 320 мг/25 мг жоғары емес. Жеке компоненттердің дозасын титрлеу ұсынылады. 

Тұрақты гипотензивті әсер 2 апта ішінде пайда болады.

Пациенттердің көпшілігінде емнің 4 аптасы ішінде ең жоғары әсер байқалады. Алайда, кейбір пациенттер үшін препаратты қабылдаудың 4-8 аптасы қажет болуы мүмкін. Мұны дозаны титрлеу кезінде ескеру керек.

Ең жоғары тәуліктік доза 320 мг/25 мг құрайды.

Жағымсыз реакциялар:

Инфекциялар мен инвазиялар

Жиі емес: вирустық инфекциялар, қызба

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі емес: сусыздану

Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар

Жиі емес: астения, бас айналу, ұйқысыздық, мазасыздық, парестезия

Өте сирек: бас айналу

Белгісіз: талма

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Жиі емес: көру қабілетінің бұзылуы

Есту ағзасы және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Жиі емес: ортаңғы отит, құлақ шулау

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Жиі емес: ісіну, гипотензия, гипергидроз

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі емес: жүректің соғуы, тахикардия

Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі: жөтел, ринит, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы

Жиі емес: бронхит, ентігу, синусит, көмей жұтқыншақтың ауыруы, ауыздың құрғауы

Өте сирек: мұрыннан қан кету

Белгісіз: кардиогенді емес өкпе ісінуі

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі: диарея

Жиі емес: іштің ауыруы, диспепсия, жүрек айну, гастроэнтерит.

Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар

Жиі: арқаның ауыруы, артралгия

Жиі емес: қолдың немесе аяқтың ауыруы, кеудедегі ауырсыну, мойынның ауыруы, артрит, байламдардың созылуы, бұлшықет құрысуы, миалгия

Өте сирек: артралгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес: кіші дәретке жиі шығу, несеп шығару жолдарының инфекциясы

Өте сирек: бүйрек функциясының бұзылуы

Репродуктивті жүйе және сүт бездері тарапынан бұзылулар

Жиі емес: шаршағыштық

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері

Белгісіз: қан сарысуындағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы, қан сарысуындағы билирубин мен креатинин концентрациясының жоғарылауы, гипокалиемия, гипонатриемия, қан мочевинасындағы азот концентрациясының жоғарылауы, нейтропения.

Препараттың жекелеген компоненттері туралы қосымша деректер

Жекелеген компоненттердің әрқайсысына қатысты бұрын хабарланған жағымсыз әсерлер, егер олар клиникалық зерттеулер барысында немесе тіркеуден кейінгі кезеңде байқалмаса да, Валсартан/Гидрохлоротиазид - Тевамен емдеу кезінде де дамуы мүмкін.

Валсартаннан туындаған жанама әсерлердің пайда болу жиілігі

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Белгісіз: гемоглобин, гематокрит деңгейінің төмендеуі, тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Белгісіз: сарысу ауруын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары/аллергиялық реакциялар

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар 

Белгісіз: гипонатриемия, қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы

Есту ағзасы және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Жиі емес: бас айналу

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Белгісіз: васкулит

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі емес: іштің ауыруы

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Белгісіз: бауыр функциясы көрсеткіштері мәнінің жоғарылауы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Белгісіз: ангионевроздық ісіну, буллезді дерматит, бөртпе, тері қышуы

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Белгісіз: бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Өнім сипаттамасы:

белсенді зат:

  • валсартан 80 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг

Дәрілік препарат құрамында бар екені ескерілу керек қосымша заттар:

Валсартан/Гидрохлоротиазид – Тева 80 мг/12,5 мг үлбірлі қабықтағы әрбір таблетканың құрамында:

  • лактоза моногидраты 29,72 мг, лецитин (құрамында соя майы бар) 0,25 мг