Кардио

Розувастатин-Тева 10 мг №30

имя
Валсартан/Гидрохлоротиазид – Тева, 80 мг/12,5 мг №30
имя
имя
Валсартан/Амлодипин – Тева, 80 мг/5 мг №30
Әрекет етуші зат/ХПЕА:
Розувастатин
Қолданылуы:

Гиперхолестеринемия емінде

- диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болғанда, диетаға қосымша ретінде ересектердегі, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан асқан балалардағы бастапқы гиперхолестеринемияда (IIa типі,  отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі)

- диетаға және липидтерді төмендететін басқа емге қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП-аферез) немесе мұндай ем пациентке жақпаған жағдайларда, ересектердегі, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан асқан балалардағы отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

- басқа қауіп факторларын түзетуге / емдеуге қосымша ретінде жүрек-қантамыр оқиғаларының туындау қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы.

Қолдану тәсілі:

Препараттың дозасы емдеу мақсатына және емге жауабына байланысты жеке таңдалуы тиіс.

Гиперхолестеринемияны емдеу

Препаратты қабылдауды бастаған пациенттер үшін немесе басқа ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қабылдаудан ауыстырылған пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг Розувастатин-Тева препаратын құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдағанда холестерин деңгейін басшылыққа алып, жүрек-қантамыр асқынуларының ықтимал қаупін ескеру керек, сонымен қатар жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін бағалау қажет.  Қажет болған жағдайда, дозаны препаратты қабылдағаннан кейін 4 аптадан кейін арттыруға болады. Препараттың дозасын біртіндеп арттыру керек.

40 мг дозаны қабылдау кезінде жағымсыз әсерлердің ықтимал дамуына байланысты дозаны ең жоғары 40 мг-ға дейін арттыру тек ауыр гиперхолестеринемиясы бар және 20 мг дозаны қабылдау кезінде емнің қажетті нәтижесіне қол жеткізілмеген жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары пациенттерде (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде) қаралуы мүмкін. Препаратты 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерді бақылау ұсынылады.

Қосымша ем ретінде атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы

Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 20 мг.

 

Бұрын препаратты қабылдамаған пациенттерге 40 мг дозасын тағайындау ұсынылмайды. 2-4 апталық емнен кейін және / немесе Розувастатин-Тева дозасын арттырған кезде липидті алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болған жағдайда дозаны түзету қажет).

Жағымсыз реакциялар:

Ағзалар жүйелерінің класы

Жиі

Жиі емес

Сирек

Өте сирек

Белгісіз

Қанайналым және лимфа жүйелерінің бұзылуы

 

 

Тромбоцитопения

 

 

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

 

 

Ангионевроздық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

 

 

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Қант диабеті 1

 

 

 

 

Психикалық бұзылулар

 

 

 

 

Депрессия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас ауыру

Бас айналу

 

 

Полинейро-патия

Жады жоғалуы

Шеткері полиневропатия

Ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық пен қорқынышты түстерді қоса)

 

 

 

 

Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

 

 

 

 

Жөтел

Диспноэ

 

 

АІЖ тарапынан бұзылулар

Іш қатуы Жүрек айнуы

Іштің ауыруы

 

Панкреатит

 

Диарея

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

 

Бауыр трансаминазаларының жоғары деңгейі

Сарғаю Гепатит

 

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

 

Қышыну

Бөртпе Есекжем

 

 

Стивенс-Джонсон синдромы

Сүйек-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Миалгия

 

Миопатия (миозитті қоса алғанда)

 

Рабдомиолиз

Жегі тәрізді синдром  

Бұлшықеттің жыртылуы

Артралгия

Кейде үзіліспен асқынған байламды аппарат тарапынан бұзылулар

 

Иммунитетке байланысты некроздалған миопатия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

 

 

Гематурия

 

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар

 

 

 

Гинекомастия

 

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар

Астениялық синдром

 

 

 

Ісіну

1 Жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты

(аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ> 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, анамнездегі гипертензия).

Өнім сипаттамасы:

Розувастатин-Тева, 5 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Әрбір таблетканың құрамында 5.21 мг кальций розувастатині (5.0 мг розувастатинге баламалы) бар

Дәрілік препараттың құрамында бар болуы ескерілуі тиіс қосымша заттар: лактоза моногидраты