Розувастатин-Тева 20 мг №30
Гиперхолестеринемия емінде
- диета және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болғанда, диетаға қосымша ретінде ересектердегі, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан асқан балалардағы бастапқы гиперхолестеринемияда (IIa типі, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі)
- диетаға және липидтерді төмендететін басқа емге қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП-аферез) немесе мұндай ем пациентке жақпаған жағдайларда, ересектердегі, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан асқан балалардағы отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
- басқа қауіп факторларын түзетуге / емдеуге қосымша ретінде жүрек-қантамыр оқиғаларының туындау қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы.
Препараттың дозасы емдеу мақсатына және емге жауабына байланысты жеке таңдалуы тиіс.
Гиперхолестеринемияны емдеу
Препаратты қабылдауды бастаған пациенттер үшін немесе басқа ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қабылдаудан ауыстырылған пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг Розувастатин-Тева препаратын құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдағанда холестерин деңгейін басшылыққа алып, жүрек-қантамыр асқынуларының ықтимал қаупін ескеру керек, сонымен қатар жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда, дозаны препаратты қабылдағаннан кейін 4 аптадан кейін арттыруға болады. Препараттың дозасын біртіндеп арттыру керек.
40 мг дозаны қабылдау кезінде жағымсыз әсерлердің ықтимал дамуына байланысты дозаны ең жоғары 40 мг-ға дейін арттыру тек ауыр гиперхолестеринемиясы бар және 20 мг дозаны қабылдау кезінде емнің қажетті нәтижесіне қол жеткізілмеген жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары пациенттерде (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде) қаралуы мүмкін. Препаратты 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерді бақылау ұсынылады.
Қосымша ем ретінде атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы
Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 20 мг.
Бұрын препаратты қабылдамаған пациенттерге 40 мг дозасын тағайындау ұсынылмайды. 2-4 апталық емнен кейін және / немесе Розувастатин-Тева дозасын арттырған кезде липидті алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болған жағдайда дозаны түзету қажет).
Ағзалар жүйелерінің класы |
Жиі |
Жиі емес |
Сирек |
Өте сирек |
Белгісіз |
Қанайналым және лимфа жүйелерінің бұзылуы |
|
|
Тромбоцитопения |
|
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
|
|
Ангионевроздық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары |
|
|
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар |
Қант диабеті 1 |
|
|
|
|
Психикалық бұзылулар |
|
|
|
|
Депрессия |
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Бас ауыру Бас айналу |
|
|
Полинейро-патия Жады жоғалуы |
Шеткері полиневропатия Ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық пен қорқынышты түстерді қоса)
|
|
|
|
|||
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
|
|
|
|
Жөтел Диспноэ |
|
|||||
|
|||||
АІЖ тарапынан бұзылулар |
Іш қатуы Жүрек айнуы Іштің ауыруы |
|
Панкреатит |
|
Диарея |
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
|
|
Бауыр трансаминазаларының жоғары деңгейі |
Сарғаю Гепатит |
|
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
|
Қышыну Бөртпе Есекжем |
|
|
Стивенс-Джонсон синдромы |
Сүйек-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
Миалгия |
|
Миопатия (миозитті қоса алғанда)
Рабдомиолиз Жегі тәрізді синдром Бұлшықеттің жыртылуы |
Артралгия |
Кейде үзіліспен асқынған байламды аппарат тарапынан бұзылулар
Иммунитетке байланысты некроздалған миопатия |
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
|
|
|
Гематурия |
|
Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар |
|
|
|
Гинекомастия |
|
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар |
Астениялық синдром |
|
|
|
Ісіну |
1 Жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты
(аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ> 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, анамнездегі гипертензия).
Розувастатин-Тева, 20 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Әрбір таблетканың құрамында 20.83 мг кальций розувастатині (20.0 мг розувастатинге баламалы) бар
Дәрілік препараттың құрамында бар болуы ескерілуі тиіс қосымша заттар: лактоза моногидраты